8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2019 2238 0
Дені сау ұлт

МӘМС: САҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА 186 МЛРД. ТЕҢГЕ ТҮСТІ

Республика бойынша медициналық сақтандыру қорына түскен жарна мөлшері 186 млрд. теңгеден асты. Маусым айында түскен сақтандыру жарнасының көлемі 9,5 млрд. теңгеге жетіп отыр. 

2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 маусымына дейінгі аралықта Қорға 186,2 млрд теңге түсті, оның ішінде батысқазақстандықтардың жарна аударымдары 6,2 млрд. теңгені құрады. Аударымдар жүйе іске қосылған алғашқы жарты жылда өзі үшін жарна төлеуге міндеттелген жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт (АҚК) негізінде еңбек ететін тұлғаларға, сондай-ақ жұмыс берушілерге тиесілі.

Атап айтқанда, жинақталған қаражаттың 95,3% немесе 177,4 млрд теңгесін жұмыс берушілер, қалған 4,7% немесе 8,8 млрд теңгені – жеке кәсіпкерлер мен АҚК негізінде еңбек ететін санат аударған.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады және 2020 жылдан бастап МӘМС пакетінде көрсетілетін медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалмақ.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
187 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
232 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
414 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
402 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»