8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Ақпан 2020 2083 0
Қалалықтар қаперіне

МӘДЕНИЕТ САРАЙЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Орал қаласында 900 орындық концерт залы бар Мәдениет Сарайының құрылысы басталды. Өткен жылдың күзінде іргетасы құйылған нысан басында қазір қызу тірлік. Тіпті уақытынан да ерте аяқталып, ел игілігі жолында пайдалануға берілуі де мүмкін. Нысан 24 айда толықтай салынып, пайдалануға берілуі тиіс.

3 қабаттан тұратын мәдени нысан облыстағы ең ауқымды әрі келбеті келісті жаңа ғимарат ретінде көпшіліктің көңілінде қалып қана қоймай тұрғындар рухани азық алатын айтулы орынға айналмақ. Мәдениет сарайының құрылысына қазірдің өзінде 200-ге жуық жұмысшы тартылыпты. Нысан 5-ші шағынауданда орналасқан. Мәдениет ошағының құрылысына қаржы жер қойнауын пайдаланушы шетелдік компания есебінен қаралған. Оның сомасы – 90465,254 теңге. Мәденеите сарайы пайдалануға берілген соң 60 адамға жұмыс орны ашылатын болады. Жоба бойынша 926 көрерменге орын болса оның 121-і балконда орналаспақ. Ал сахна 360 градусқа айналып тұратын болады. Сонымен қатар түрлі жиындарға арналған конференция, көрме залы және дәмхана бір жерде болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»