8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Тамыз 2020 1254 0
Өзек

ҰЛЫНЫҢ ҚАУІПТІ ОТЫРЫСЫНА МӘН БЕРМЕГЕН ЖҮРГІЗУШІ-ӘКЕ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

Оралдық полицейлер әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында кішкентай баланың көліктің терезесінен басын шығарып, қауіпті жағдайда отырғанын анықтады. Бұл сурет Орал қаласының көшесінде түсірілген. 

Суретте «ВАЗ» автокөлігінің алдыңғы орындығындағы терезесінен кішкентай бала денесімен жартылай шығып тұрғаны көрінеді. Баланың әкесі рөлде, ал ұлы терезеден басын шығарып тұр. Бұл – өте қауіпті жағдай. Балалар көлікте отырғанда олар арнайы ұстап тұратын орында отыруы тиіс. Алайда, бұл баланың әкесі кішкентайға қаншалықты қауіпті екеніне мән бермеген сынды.

Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөліктің жүргізушісін анықтап, жүргізуші-әкені ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 593-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартты.

БҚО полиция департаменті барлық ата-аналарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрайды.

2020 жылдың жеті айында облыста балалардың қатысуымен 20 жол-көлік оқиғасы тіркелген.  Салдарынан бір бала қайтыс болды және 22 бала түрлі жарақат алған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»