ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 75 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ЗЕНИТ» ЗАУЫТЫ ТАРТУ ЖАСАДЫ
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Оралдағы «Зенит» зауыты қару-жарақ дайындап, Жеңіс туының желбіреуіне мол үлес қосты. Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында зауыттықтар соғыс кезінде осы зауыт қабырғасында жасалып, соғыста пайдаланылған «Полуторка» әскери көлігін, мина темір сауытын және торпеда құрылғысын реконструкциялап шығарды. Жаңартылған құрылғыларды қалалықтар мен шаһар қонақтары Жеңіс алаңынан тамашалай алады. Нысандарды Жеңіс алаңына апару рәсіміне қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, зауыт қызметкерлері қатысты.

Оралдағы кеме құрастыру флагманына айналған «Зенит» зауытының тарихы 1941 жылдан бастау алады. Сол кезде «Ворошилов» аталған зауытта мина мен торпедолар, зымырандар, жарғыш заттар, оқ-дәрілер мен зәкірлер жасалып, майдан даласына жіберілген. 1941-1945 жылдардың аралығында осында жасалған қару-жарақтың көмегімен мыңдаған жау кемесі жойылған.
Зауыттықтар жаңартып отырған нысандардың бірі – ЭТ-80 торпедасы кемеге қарсы электрлі торпеда. Оны бас құрастырушы Н.Шамариннің жетекшілігімен Г.Жигар, В.Горбуновтар құрастырып, 1942 жылы соғыс даласына жолданған. Ал М08 гальвоносоққылы зәкірлі минасы 1943 жылы шығарылған. Соғыс кезінде зауыт 3514 мина дайындапты және қарсыластың әрбір 20-шы кемесі осындай миналармен жойылған.
Кәсіпорын директоры Вячеслав Валиевтің айтуынша, мерекеге орай зауыттықтар бұл құрылғыларды көпшілікке көрсету үшін қысқа мерзімде жаңартып шыққан.
– Өзімізде құрастырылған минаны Ұлы Жеңістің 50 жылдығында Санкт-Петербург қаласынан музейімізге әкелдік. Соғыс кезінде торпедалық жою құралдарының 303 данасы біздің зауытта дайындалды. Жалпы қару-жарақтың 20-дан аса түрі шығарылды. Осындай үлесі үшін «Зенит» зауыты бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталды. «Зенит» – мұндай марапатқа ие болған Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Қазір зауытта соғыс жылдары алғашқы эшелонмен жұмысқа келіп, қазақ жеріне қоныстанған азаматтардың ұрпақтары қызмет жасайды. Біз ардагерлеріміздің дәстүрін жалғастырып келе жатқанымызды мақтан етеміз, – дейді Вячеслав Хамзиевич.
Қысқа мерзімде нысандардың үлгісін жаңартып, дайындап шыққан зауыттықтарға қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ризашылығын білдіріп, облыс әкімі және шаһар басшысы атынан алғыс хат табыстады.
Эльмира НҰҒМАНОВА



Соңғы жаңалықтар
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді

Кіру
Пікір үстеу