ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Наурыз мейрамының бастауы саналатын Көрісу айт мерекесі аясында Ақ Жайық жастары үш күн бойы ұлттық ойындарды ұлықтады. Әрі бұл үш күндік шара қайырымдылыққа бағытталып, жиналған 500 мың теңгеден астам қаржы арқадағы бұлшықет атрофиясына шалдыққан кішкентай Эмир Шахмаровқа берілді.

Бүгін Батыс өңірі үшін айтулы мереке – Көрісу күні. Осы орайда «Jas Otan» жастар қанаты БҚО филиалы ұлттық ойындарды насихаттау, өңір жасатрының ұлттық ойындар бағытындағы спортқа қызығушылықтарын арттыру мақсатында спартакиада өткізді. Спартакиаданың өтуіне облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Т.Тілемсіов қолдау көрсетіп, демеушілік жасады.
12-14 наурыз аралығында ұйымдастырылған шараға өңірдегі оқу орындары студенттерінен құралған 10 команда қатысты. Қайырымдылық мақсатта ұйымдастырылғандықтан, қатысуға өтінім берген әр команда жарналық төлем жасады. Бұл төлем бірден Эмирге аударылды.
Асық ату, Бес асық, Тоғызқұмалақ, Аударыспақ, Қазақ күресі, Садақ ату, Теңге ілу, Ләңгі тебу, Қол күресі, Арқан тартыс сынды ойындардан өткен жарыстар бойынша жалпы командалық есепте М.Өтемісов атындағы БҚУ командасы – бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі, үшінші орынды Жоғары аграрлық колледжінің командасы алды.
Жеңімпаздарға медаль, кубоктар, ақшалай сертификат табыс етілді. Десек те, әр команда жүлделері үшін ұтқан қаржыны толықтай Эмирге беру туралы шешім қабылдады.
Эльмира НҰҒМАНОВА ,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу