«Ұлттық ойын – халық қазынасы»
Мәдени ағарту бірлестігіне қарасты «Болашақ» балалар аула клубында жақында Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасын іске асыру бағытында дәл осындай тақырыппен тәрбие сағаты өтті.

Шара балаларды ұлттық ойын түрлерімен таныстыру, олардың бойында күштілік, ептілік, жылдамдылық, икемділік қасиеттерін дамытуды көздеді. Халқымыз ойындарды, тек балаларды алдандыру әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Тәрбие сағатында ұлттық ойын – салауатты өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы екені айтылды. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар атадан-балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып келеді. «Сақина салу» қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Ойынға он-он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. «Теңге алу» – жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу – үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені қажет етеді. «Қыз қуу» – бұл ат спорты ойыны. Атқа мінген жігіт атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюі керек. «Бәйге» – бұл жарыстың бірнеше түрі бар. Бәйге жарысы негізінен, жазық жерлерде өткізіледі. Көмбеге алғаш озып келген шабандоз жеңімпаз атанып, сыйлыққа ие болады.
«Асық» ойыны – қыз-бозбалалар ойыны. Әдетте қойдың жілігі немесе жауырыны, жамбасы пайдаланылған. Ойын жүргізуші ойыншыларды екі топқа бөледі. Сөйтіп, алдын ала әзірленген сүйекке белгі салып алған соң, оны
алысырақ барып лақтырады. Кейде екі топтың мүшелері кезектесіп те лақтырады.
Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың маңызы өте зор.
Гүлнәр РАМАЗАНОВА, «Болашақ» аула клубының меңгерушісі
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу