ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚШАСЫНАН БІР ҚАТЕ ТАППАДЫ
Бүгін президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді меңгеруден емтихан тапсырды. Лингвистткалық комиссия кандидатты қазақ тілін толық меңгерген деп таныды.
«Лингвистикалық комиссия жұмысын бастады. Тұңғыш үміткерден емтихан алынды. «Нұр Отан» партиясы ұсынған үміткері Қасым-Жомарт Тоқаев келіп емтихан тапсырды. Екі сағат деңгейінде бізде болды. Ережеге сәйкес емтиханды тапсырды. Бірінші «Абай поэзиясы мен қара сөздері» тақырыбын, екінші мәтін оқуға Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелері мен хикаялар жинағын таңдап алды. Үшінші өзінің жанына жақын тақырып Қазақстанның геосаясаты туралы әңгімелеп берді», – деп айтты комиссия төрағасы.
Мырзатай Жолдасбеков Қасым-Жомарт Тоқаев жазба жұмысында Абайдың поэзиясы мен қара сөздерінің халыққа беретін маңызы туралы терең жазғанын атап өтті.
«Бір де бір қате көргеніміз жоқ. Өткен жолғы президентіміз де осылай жазған еді. Шерхан Мұртазаны өзі таңдап алды. Үш бетін мәнерлеп, ырғақпен оқыды. Таң қалдым. Қазақстанның қазіргі геосаясаты туралы терең толғады. Комиссияның мүшелері толық қатысып, пікірлерін толық айтты. Лингвистикалық комиссияның қорытындысы – Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді толық меңгерген», – деп айтты Мырзатай Жолдасбеков ОСК қабырғасында.
Ол лингвистикалық комиссия алдына келетін кандидаттарға шын жүректен табыс тіледі.
Еске салсақ, ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев жазбаша тапсырмада «Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен қара сөздері» тақырыбында екі беттік шығарма жазды, екінші тапсырмада Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» кітабынан мәнерлеп үш беттік үзінді оқып берді. Ал үшінші тапсырмада еркін тақырыпта 15 минуттан кем емес сөз сөйлеуі тиіс болатын.
BAQ.KZ
Б.ЖУАСБАЕВТЫҢ СУРЕТІ
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу