8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Тамыз 2019 2089 0
Өзек

ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ШАТЫРЫ ҰШТЫ (сурет)

БҚО-да  қатты желдің салдарынан ғимараттардың шатырлары мен қаптамалары құлады.

Орал қаласында электр желілерінің үзілу жағдайлары тіркеліп, бірнеше шағын аудан жарықсыз қалды.
Сондай-ақ БҚО ТЖД хабарлауынша, қатты желдің салдарынан сағат 16.15-те Қазталов ауданы Жаңажол ауылында қатты желдің салдарынан Жаңажол ЖБОМ-ның ауданы 120 шаршы метр болатын жабыны жұлынып кеткен.
Ал сағат 16.30-да Жәнібек ауданы Жәнібек ауылындағы М.Б.Ихсанов атындағы колледждің ауданы 24 шаршы метр болатын спорт залдың жабыны ұшып кеткені туралы хабар түстi.
Сағат 15.40-та Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Абай көшесі, 3-үй мекенжайындағы Халықты жұмыспен қамту орталығының шатыры (ауданы 25 шаршы метр), Қазталов ауданы Қазталов ауылындағы Шарафутдинов көшесі, 5 мекенжайындағы «Қазпочта» АҚ-сының жылуұстағыш жабыны (ауданы 25 шаршы метр) ұшып кеткен.

Сағат 17.20-да Орал қаласы Н. Назарбаев даңғылындағы М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ауданы 40 кв.м жылуұстағыш қаптамасы (алюкобонд) қатты желдің салдарынан құлады.

Кешкі сағат 19.30-да Орал қаласы Мөңкеұлы 114/1 мекенжайындағы №47 орта мектептің және Некрасов көшесі 16/2 мекенжайындағы №38 мектеп-лицейдің шатыры ұшып кетті. №38 мектеп-лицей шатыры қалпына келтірілуде. Сондай-ақ Қазталов ауданындағы Талдықұдық ауылындағы Есетов атындағы мектептің шатыры ұшып кеткен.

 

Төтеншеліктер, ертең 6 тамызда да облыс аумағында жел күшейетінін ескертуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»