8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
06 Қазан 2021 2340 0
Өзек

ӘЛЕУМЕТТІК НАН БАҒАСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Өңірде жоғары және бірінші сұрыптағы ас атасының құны 10-20 теңгеге өскен. Дүкендерде нан 160 теңгенің аралығында саудалануда. Апта басынан басталған қымбатшылық жоғары сұрыпты ұн бағасының өсуімен байланысты дейді жергілікті бөлімінің мамандары. Орал қалалық ауыл шаруашылығы  және кәсіпкерлік бөлімі бағаны тұрақтандыру мақсатында күнделікті әлеуметтік дүкендер мен сауда желісіне мониторинг жүргізуді қолға алыпты. Бүгін «Желаев нан» сауда белгісімен танылған «Талецкий» жеке кәсіпкерлігіне барып, бағаны бағамдап қайтты.

Қазір қалада 7 наубайхана нан пісіреді. Негізгі нанмен қамтушы – Желаев нан комбинаты бағаны 150 теңгеге көтерген. Ал тасымалдаушылар және он теңге қосып, дүкендерде жоғары сұрыпты нан 160 теңгеден сатылуда.

– Күні бүгінде қамбадағы астық қоры таусылды. Биыл егін аз болды. Сол себепті қазіргі таңда жоғары сұрыпты нан бағасын 15 теңгеге қымбаттаттық. Бұрын 135 теңгеден сатылса, қазір 150 теңгеге жетті. Сондай-ақ екінші сұрыпты ұн бағасы 9 теңгеге көтерілді, яғни бағасы 119 теңге болды. Ал бірінші сұрыпты әлеуметтік нан бағасы бұрынғыша 80 теңгеден саудалануда. Аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға әлеуметтік нанды тегін таратамыз. Ұнды ең соңғы рет келісін өзіміз 187 теңгеден сатып алдық, – деген «Желаев нан» наубайханасының қожайыны Олег Талецкий жағдайдың күрделі екенін жасырмады.

Алайда, қалалық ауыл шаруашылық және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Жалғас Ғұмаров әлеуметтік тауар болып белгіленген бірінші сұрыпты нан бағасы 80 теңгеден аспайтынын айтып сендірді.

– Өткен аптадан бері аталған өнім бағасын бірлі жарым кәсіпорын көтерген болатын. Бүгінде облыс, қала басшылығының ұйымдастыруымен  бірқатар жиындар өтіп, нан өндіруші мекемелермен әлеуметтік нан бағасы 80 теңге болып белгіленді. Қолдау ретінде аталған мекемелерге «айналма схемасына» қаражат қарастырылды. Одан бөлек әлеуметтік ұн өндіруші мекемелерге қосымша астық сатып алу жайы қарастырылуда. Қаладағы 7 нан өндіруші наубайханада тәулігіне 35 мыңнан аса нан пісіріледі. Оның 22 пайызы, яғни 7000 нан бірінші сұрыпты ұннан дайындалады. Жалпы келісімге сәйкес, әлеуметтік нанның бағасы 80 теңге болып белгіленді, – дейді кәсіпкерлік бөлімінің басшысы.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
83 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
62 0
Наурыз
14 наурыз – Көрісу күні
14 Наурыз 2026
74 0
Көңіл айтамыз
Көңіл айтамын!
13 Наурыз 2026
144 0
Оқиға
200 – ден астам патрон табылды
12 Наурыз 2026
161 0
Оқиға
16 қылмыс ашылып, 35 адам ұсталды
12 Наурыз 2026
190 0
Мезгіл мәселесі
Права услугополучателей — главный приоритет
12 Наурыз 2026
146 0
Без рубрики
Қызмет алушылар құқығы – басты назарда
12 Наурыз 2026
150 0
Мезгіл мәселесі
Ата Заң айшығы: әл-ауқаттың жаңа формуласы
12 Наурыз 2026
157 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»