ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙДЫ. ҚАЛАЙ?
✅ ІШКІ АУДИТ ЖӘНЕ САПАНЫ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ НЕМЕСЕ ПАЦИЕНТТЕРДІ КОЛДАУ ҚЫЗМЕТТЕРІ АРҚЫЛЫ
Бүгінде олар әр емханада бар.
Медициналық қызметкерлер тарапынан проблемалық мәселеге немесе түсінбеушілікке тап болған әрбір пациент сол жерден көмек сұрап, өз проблемасын шеше алады.
Егер емханада мұндай қызмет болмаса, сіз тікелей бас дәрігердің орынбасарына жүгіне аласыз.
Қормен ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге шарт жасай отырып, медициналық ұйым халыққа сапалы медициналық көмек көрсету және оның қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті өзіне алады. Жеткізушіге қойылатын бұл талаптар шартта жеке тармақпен бөлінген және олардың орындалуы Қор тарапынан бақылауға жатады.
✅ ӨТІНІШТЕР МЕН ШАҒЫМДАР АРҚЫЛЫ
Егер емхана деңгейіндегі жағдайды шешу мүмкін болмаса, емделушілерде медициналық сақтандыру қорына кері байланыстың ресми арналары арқылы жүгіну мүмкіндігі бар:
🔸24/7 мобильді қосымшасы
🔸fms.kz сайты
🔸1406 бірыңғай байланыс орталығы
Сарапшылар сізге ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу бойынша кеңес береді, мәртебесі мен төлемі бойынша ақпаратты тексереді, қажет болған жағдайда мәселені шешуге медициналық ұйымның сарапшыларын тартады.
✅ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ АРҚЫЛЫ
Бүгінгі күні Қор медициналық көмектің сапасын бағалау мониторингінің әртүрлі түрлерін, оның ішінде медициналық ұйымдарға бару арқылы жүргізеді. Ағымдағы немесе жоспарлы, мақсатты, проактивті және жоспардан тыс.
❗НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ, жоспардан тыс мониторинг пациенттердің өздерінен түскен шағымдар мен өтініштер негізінде ғана кері байланыстың ресми арналары – 1406 бірыңғай байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және fms.kz сайт арқылы жүргізіледі.
Әрбір осындай сұрау салуды пациенттің тарихын толық талдай отырып және оған ұсынылатын медициналық көмектің сапасын бағалай отырып, Қор сарапшылары жеке тәртіппен пысықтайды. Егер шағым негізделсе және медициналық ұйым тарапынан бұзушылықтар анықталса, Қор экономикалық ықпал ету шараларын қолданады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу