8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2020 1894 0
Қоғам

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАЛАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін, 25 желтоқсанда «Ақжайық – адалдық аланы» жобалық кеңсесі Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық – инновациялық даму басқармасының өкілдерімен бірлесіп Орал қаласындағы «Алтындар», «Анвар» және «Лидер» супермаркеттеріндегі әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағаларына мониторинг жүргізді.

Батыс Қазақстан облысы  әкімдігінің 2020 жылғы 9 желтоқсандағы  №288 қаулысына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшері бекітілген болатын. (картоп – 122 теңге /кг, басты пияз – 117 теңге/кг, сәбіз – 121 теңге/кг). Бекітілген шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағалары (өнімнің 3 түрі бойынша) жаңа өнім қорларының жеткілікті болуына, сондай-ақ жаңа жылдық мерекелер кезінде осы өнім түрлеріне бағаның негізсіз өсуіне жол бермеуге байланысты қысқы кезеңде баға белгілеуге оң әсер етеді.

Мониторинг барысында, «Лидер» супермаркетінде (картоп – 124 теңге /кг, басты пияз – 95 теңге/кг, сәбіз – 129 теңге/кг), «Алтындар» супермаркетінде (картоп – 103 теңге /кг, басты пияз – 93 теңге/кг, сәбіз – 128 теңге/кг), «Анвар» супермаркетінде (картоп – 163 теңге /кг, басты пияз – 99 теңге/кг, сәбіз – 156 теңге/кг) анықталды.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық – инновациялық даму басқармасымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар 1 желтоқсаннан бастап «Алтындар» және «Вега» сауда желілерімен «ПИК сағаты»  акциясы іске қосылды. Акция шеңберінде жоғары сұрыпты ұн мен макарон өнімдері, күнбағыс майы, жұмыртқа, картоп және пияз төмендетілген бөлшек бағамен және саудалық үстемесіз сатылады.

Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды.

zhaikuni.kz

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»