ЛАТЫН ГРАФИКАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ӘЛІПБИ ЖОБАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Тілдерді дамыту орталығында «Қазақ тілінің жаңа көкжиегі» атты дөңгелек үстел өтті.

Орталықтың қазақ тілі пәні оқытушылары ұйымдастырған іс-шараға педагогтар мен студенттер қамтылды. Қазақ тілі мәртебесінің асқақтауына негіз болған, қазір де әлем тілдері қатарына қосылуға мүмкіндікке жол ашып отырған латын графикасына негізделген пікір алмасу шарасы тілдің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге, танымдылық қабілетін арттыруға бағытталды. Пікір алмасу негізінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелде жазу өркениеттің бастауы екені айтылып, бүгінге дейінгі қазақ әліпбиінің тарихы зерделеніп, латын графикасына негізделген жаңа әліпби жобасы таныстырылды.
Жаңа әліпби жобасында 31 әріп пен тек шетелдік сөздерге қолданылатын қосымша тағы үш әріп бар. Сонымен бірге умлаут , бревис, седиль, макрон диакритикалық белгілердің төрт түрі туралы айтылды. Студенттер өздері алдын ала дайындаған ақпараттармен бөлісіп, бір-бірімен ой алмасты. Осы арқылы жаңа әліпби жобасын мақұлдап, алда да бірқатар пікірлердің болуы заңдылық екенін жеткізді. Жәңгір хан университетінің тіл жанашырлары тіл мәселесі өзінің оңды шешімін табарына сенімді.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу