8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Тамыз 2020 1368 0
Қоғам

ЛӘЗЗАТ РЫСБЕКОВА – БҚО-ДАН ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ДЕПУТАТЫ БОЛЫП САЙЛАНДЫ

    Бүгін қаладағы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының сайлауы өтті. Жабық түрде дауыс беру арқылы Сенатқа кандидаттар іріктелді. Батыс Қазақстан облысы бойынша үміткерлердің ішінен қалалық мәслихат депутаты Ләззат Рысбекова 70 пайыз дауыс жинап,  өңірімізден ҚР Парламенті Сенатына депутат болып сайланды.

Сенат депутатын сайлау науқаны бір айдан астам уақытқа созылды. Осы уақыт аралығында үміткерлер іріктеліп, олардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүрді. Ел бойынша 89 адам Парламенттің жоғарғы палатасына кандидат ретінде тіркелген. Ал біздің өңірімізден үш үміткердің өтініші қабылданды. Олар «Батыс су арнасы» ЖШС директорының орынбасары Ақылбек Аманғалиев, Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Ғалым Бекқалиев, «Орал гуманитарлық колледжі» ММ-ның қаржы директоры Ләззат Рысбекова.

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Ғайса Қапақовтың мәлімдеуінше, ашық , жариялы түрде өткен сайлау нәтижесінде Ләззат Рысбекова – 128 дауыс,  Ақылбек Аманғалиев – 30, Ғалым Бекқалиев – 24 дауыс жинаған.

–  Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы Конституциялық заңының 69-бабы, бірінші тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облысынан ҚР Парламенті Сенатына сайланған Ерболат Мұқаевтың депутаттық өкілеттігінің мерзімі аяқталуға таяу. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығымен 2020 жылдың 12 тамызына тағайындалған сайлауға арналған тиісті шаралар орындалды. Соған байланысты Батыс Қазақстан облыстық, Орал қалалық және барлық аудандардың депутаттары ҚР Парламенті Сенатына депутатты сайлау үшін жиналды. Сайлауға өңіріміздегі 191 депутаттың 183-і қатысты, –  дейді облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

  

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»