8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Наурыз 2021 1438 0
Қоғам

ӘЛ-АЗҺАР УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗАҚСТАНҒА 50 БІЛІМ ГРАНТЫН БӨЛЕДІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мысыр Араб Республикасына жасаған ресми сапары кезінде Каирде әйгілі әл-Азһар университетінің шейхы, Бас имам Ахмет Тайыппен кездесті. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

Бас мүфти әл-Азһар шейхына Қазақстанға бөлінетін білім гранты санын екі есеге көбейтуді ұсынды. Сонымен қатар Қазақстанда салынатын Ислам академиясын, Ислам және теология кітапханасын классикалық діни кітаптармен қамтамасыз етудің маңыздылығын жеткізді.

Әл-Азһар университетінің шейхы бұл ұсынысты қолдайтынын, Қазақстан үшін бөлінетін білім гранты екі есеге ұлғаятынын мәлімдеді. Сонымен қатар Ислам академиясы мен Ислам және теология кітапханасына қажетті классикалық бағыттағы кітаптарды жеткізіп беруге уәде етті.

Наурызбай қажы Тағанұлы әл-Азһар университетінің шейхы, Бас имам Ахмет Тайыпқа айрықша алғыс білдіріп, игі ниетін жеткізді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен әл-Азһар университеті арасында жасалған келісім бойынша жыл сайын қазақстандық имамдар үшін 25 білім гранты бөлінетін. Енді жыл сайын 50 имам әл-Азһар университетінде білімін жетілдірмек.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
69 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
105 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
201 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
185 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
408 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»