КРУГЛООЗЕРНЫЙДА «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНАДЫ
Бұл туралы Круглоозерный кенті әкімі К.Нұршинов халық алдындағы есептік кездесуінде айтты.

Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмасына сәйкес, өткен жылы «7-20-25». Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасы бекітілген болатын. Бұл бағытта кент әкімдігі бюджеттік ұйымдарда жұмыс жасайтын қызметкерлердің тұрғын үй қажеттілігін анықтап, «Оралземтрубсервис» ЖШС-мен және «Тұрғын үй құрылыс жинақтаушы банкі» АҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жобаның құны – 400 млн. теңге шамасында.

– Қазіргі таңда тұрғын үй құрылысының орны анықталып, аукцион арқылы жер телімі сатып алынды. Құрылысқа рұқсат қағаздар рәсімделгеннен кейін, құрылыс жұмыстары басталатын болады. Салынатын тұрғын үй бірінші кезекте бюджеттік ұйымдар қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерге берілетін болады. Қалған жағдайда әрбір кент тұрғынының алу мүмкіндігі бар, – дейді Кенесары Бекболатұлы.
Сондай-ақ осы «Оралземтрубсервис» ЖШС Круглоозерныйда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қағидасы аясында 160 орындық бала-бақша құрылысы бастаған. Жобаның құны – 600 млн. теңге.
Сонымен қатар, «Қамқор құрылыс» ЖШС «МТЖЖ-14» мекемесі ғимаратының бөлігін жеке бала бақшаға бейімдеу үшін сатып алып, қазіргі таңда 100 орынға арналған балабақшаның құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Аталмыш жобаның құны – 170 млн. теңге шамасында. Осы бөбекжайлардың ашылуымен Круглоозерныйда мектепке дейінгі бүлдіршіндерді балабақшамен қамту шешіледі деп күтілуде.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу