ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ
Бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ мекемесінің өкілдері коронавирустық пневмония мен басқа да тыныс алу жүйесі ауруларын емдейтін, Еуропада шығарылған өкпені жасанды желдететін төрт құрылғыны облыстық және қалалық көпбейінді ауруханаға табыстады.

– «ҚазТрансОйл» АҚ елдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты коронавирус індетін емдеуге көмектесу үшін өкпені желдететін 68 аппарат сатып алып, еліміздегі ауруханаларға демеушілік жасауда. Оған 1 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлінді. Құрылғылар 14 облыстық деңгейдегі, 3 республикалық санаттағы емдеу мекемелеріне таратылуда. Осындай қиын кезде жұмылған жұдырықтай пандемияны жеңуіміз керек. Осы орайда мұнай тасымалдаумен айналысатын «ҚазТрансОйл» АҚ мекемесі де қолдан келген көмегін аямауда. Біз бүгін компанияның Батыс Қазақстан облысындағы ауруханаларға жіберген 4 құрылғыны табыстап отырмыз. Осы аппараттар науқастарды емдеуде нәтиже беріп, өмірлерін сақтап қалады деп санаймыз. Бұл мұнайқұбыршылардың елдегі ахуалға бейжай қарамай, өзіндік қосқан үлесі деп білерсіздер,- деді «ҚазТрансОйл» АҚ Атырау мұнай құбыр басқармасының «Орал» желілік-өндірістік диспетчерлік станциясының бастығы Кәкім Төлеуішев.
Орал қалалық көпбейінді аурухана директорының орынбасары Наталья Кочегарованың айтуынша, қалалық көпбейінді аурухана шілде айынан бастап облыстағы жұқпалы аурулар стационары болып белгіленіп, ауруханаға коронавируспен ауыратын науқастар әкеліне бастаған. Сол кезде коронавирустық пневмониямен күніне 30-40 науқас ауруханаға түскен. Бұл аурухана маңында жұқпалы аурулар стационарынан бөлек, акушерлік инфекциялық стационар да ұйымдастырылған. Жүктілік кезінде коронавирус жұқтырған келіншектер, індеттің салдарынан босану процесі қиындаған жағдайлар жиі кездескен. Сондай ахуал кезінде облыстық, қалалық көпбейінді аурухананың дәрігерлері күн-түн демалмастан кезекшілікке шығып отырған. Сол қиын мезеттерде науқастардан коронавирус індетін ауруханадағы қызметкерлер де жұқтырып, бүгінде бәрі емделіп шыққан. Аталмыш ауруханадан жалпы 3000-нан астам науқас ем қабылдаған.
Айнара ИСА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу