КОРОНАВИРУСТАН КӨЗ ЖҰМҒАН ОРАЛДЫҚ АЗАМАТ ЕМ АЛУҒА УАҚЫТЫЛЫ ЖҮГІНБЕГЕН
30 мамырда Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясынан 1 адам көз жұмды. Ол 1967 жылы туылған азамат Орал қаласының тумасы, «Теңізшевройл» ЖШС кен орнында вахталық әдіспен жұмыс істеген. Коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия өлім себебін коронавирус инфекциясынан орын алды деп тіркеу жөнінде шешім қабылдаған.

Ол 3 мамырда Оралға автобуспен келіп, коронавирус инфекциясына тексеру және одан әрі оқшаулау мақсатында блокпосттан карантиндік стационарға жатқызылды. ПТР талдауы теріс нәтиже көрсеткен. Эпидемиологиялық анамнезді ескере отырып, науқаспен байланыста болған адам ретінде анықталып, провизорлық стационарға оқшауланады. 9 мамырда COVID-19-ға талдау алынып, теріс нәтижемен үй карантиніне шығарылған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліментіше, 10 мамырдан бастап бекітілген емхананың медицина қызметкерлерінің бақылауымен үй карантинінде болды. 10 мамырдан бастап тамақтың қышуы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі белгілері пайда болғанына қарамастан медициналық көмекке жүгінбеген. Күн сайын қоңырау шалған медицина қызметкерлеріне өз денсаулығына шағымданбаған.
Келесі 9 күн бойы медициналық көмекке жүгінбей, 19 мамыр күні жүріп-тұру кезінде ентігу, төсектен тұра алмай айқын әлсіздік пайда болған соң жедел жәрдем шақыртып, провизорлық стационарға жеткізіледі.
Сол жерде COVID-19-ға талдау алынып, сынама оң нәтиже берген. Талдаудың оң нәтижесімен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліп, тыныс алу жетіспеушілігінен туындаған жағдайдың ауырлығына байланысты жедел түрде облыстық жұқпалы ауруханының реанимациялық бөлімшесіне жатқызылған. Науқас жан сақтау бөлімінде ауыр жағдайда болып, жүргізілген реанимациялық іс-шаралар өз нәтижесін бермеген соң 30 мамыр күні жүрек және тыныс алу қызметі тоқтаған.
Қайтыс болғаннан кейін оған ауыр дәрежелі короновирус инфекциясы (назофарингиальды жағындының нәтижесі оң, талдаудың шығарылған күні – 22.05.2020ж.), екі жақты полисегментті интерстециалды пневмония, 3-ші дәрежедегі тыныс алу жетіспеушілігі диагнозы қойылды. Қосымша созылмалы аурулары болмаған.
Аталған факт COVID-19 вирусы өте қауіпті ауру екенін және оған немқұрайлы қарауға болмайтынының айқын дәлелі. Көмекке уақытында жүгінгенде науқастың сауығып шығуына қол жеткізуге және өлімнен аман алып қалуға болатын еді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу