КОРОНАВИРУС: РЕВАКЦИНАЦИЯ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ
15 қарашада ҚР Бас санитар дәрігерінің халыққа ревакцинация жасау туралы жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсы аяқталғаннан кейін 6-9 айдан кейін қосымша дозаны енгізу ұсынылады. Бұл туралы 16 қараша күні БҚО әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен өткен коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі өңірлік жеделштаб отырысында айтылды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қалибеков бүгінгі күні облыс бойынша 224 304 адам коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын мәлім етті. Вакцинацияланған халық арасында ауру 0,4 пайызды құрайды. Арман Талғатұлының айтуынша, бұл коронавируспен күресте вакцинацияның тиімділігін көрсетеді.
– Вакцинация коронавирустық инфекциядан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Қоғам ретінде біз вакцинация мәселесіне жауапкершілікпен қарауымыз керек. Вакцинация коронавирустық инфекцияға қарсы иммунитетті дамыту үшін ағзаның табиғи қорғаныс реакцияларын қолдана отырып, инфекция қаупін едәуір төмендетеді. Бүгінгі таңда біздің негізгі міндетіміз – карантин режимінің барлық шараларын сақтау және белсенді вакцинация, – деді Арман Талғатұлы.
ҚР Бас санитар дәрігерінің халыққа ревакцинация жасау туралы жаңа қаулысына сай, елімізде 22 қарашадан бастап ревакцинация жүргізу басталады.
Векторлық (Спутник) вакцинамен вакцинацияны алған тұлғалар арада 9 ай өткен соң, белсенді емес (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Var, QazCovid-in) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) ревакцинация жасалады.
Белсенділігі жойылған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Vax, QazCovid-in) вакциналармен вакцинациялаған тұлғалар 6 айдан соң векторлық (Спутник) немесе м-РНҚ вакцинасымен (Pfizer) ревакцинацияланады.
м-РНҚ вакцинасын алған адамдар (Pfizer) 6 айдан кейін белсенділігі жойылған (Sinopharm, CoronaVac, Hayat-Var, QazCovid-in) немесе векторлық (Спутник) вакцинамен ревакцинацияланады.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу