8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Ақпан 2021 1250 0
Қоғам

КОРОНАВИРУСҚА ҚАРСЫ ЕКПЕ АЛҒАННАН КЕЙІН ҚАЛАЙ КҮТІНУ КЕРЕК?..

Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте дәрігер корнавирусқа қарсы екпе алғаннан кейін қалай күтіну керектігі айтылды.

«Егер екпеден кейін дене қызуы 37,0-37,5 аралығында көтерілетін болса адам емханадағы дәрігерінің бақылауында болуы керек. Өкінішке қарай, коронавирус өкпені ғана емес, буындарды да зақымдайды. Екпеден кейін деен қызуы көтерілген адам ең болмағанда қан талдауын жасатуы керек. Қажет болған жағдайда сәулелі диагностика жасалады. Осы тексерістің нәтижесінде оның жағдайы қалай екені, қалай емдеу керек екендігі анықталады», – дейді «Кардиология және ішкі аурулар» ҒЗИ-дің ішкі аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Сәуле Қасенова. «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл екпеден кейін дене қызуы көтеріліп, буындардың ауыруы – күтілетін реакция екенін айтты.

«Вакцина еккенге дейін де, кейін де күтіну керек. Аллергия болмас үшін бұрын деп көрмеген тағамды да жемей тұра тұрған жөн. Сондай-ақ, бұрын қолданып көрмеген әтірді де қолданбау керек. Екпе ектіргеннен кейін «корнавируспен енді ауырмаймын» деп ойлап қалуға болмайды. Маска тағып, сақтық шараларын қолдануды жалғастыра беру керек, себебі коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасуы үшін уақыт керек», – дейді ол.

Айта кетейік, 1 ақпанда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату тәуекелі жоғары санаттарды коронавирусқа қарсы вакциналау басталды. Қазақстанда вакцина ерікті түрде салынады.


https://www.inform.kz/kz/koronaviruska-karsy-ekpe-algannan-keyin-kalay-kutinu-kerek-dariger-zhauaby_a3754406

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»