КОМПЬЮТЕРІ ЖОҚ ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАЙТЫН АРНАЙЫ САЙТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
qoldau.edu.kz сайтында қазірдің өзінде қашықтан оқу үшін компьютерлер, ноутбуктар мен планшеттер алатын 20 мыңнан астам бала туралы мәліметтері бар. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ өткен онлайн-конференцияда «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Лаззат Чинкисбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз бір жылдан астам уақыттан бері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің серіктесіміз. Өткен жылы біз «Мектепке жол» қайырымдылық жобасын жүзеге асырдық. Өткен жылы әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген біз арқылы өз көмегін көрсетті. Ол осы акция аясында Арыс қаласының балаларына қаражат бөлді. Біз акцияны жоғары деңгейде өткізіп, балаларға сапалы көмек көрсеттік. Биыл елде вирустың таралуына байланысты балалар сабақты қашықтан оқиды. Біз qoldau.edu.kz https://qoldau.edu.kz/ веб-сайтын іске қостық. Егер балаңыздың көмек алушылар тізімінде бар-жоғын білгіңіз келсе, баланың ЖСН-нің соңғы алты санын енгізуіңіз керек. Біз сіздің ақпаратыңыздың құпиялығын сақтау үшін осылай жасадық. Егер сіздің балаңыз ол тізімде болса, онда мектебі, ауданы, қала немесе қай облыс екені көрсетіледі», – дейді Лаззат Чинкисбаева.
Сайтта көмек көрсетілетін 20 мыңнан астам бала туралы мәлімет бар.
«Қазір бұл тізімде 20 мыңнан астам бала бар. Біз бұл базаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен алдық. Бұл тізімге жетімдер, мүмкіндігі шектеулі балалар және ауыл мектептеріндегі оқушылар кіреді. Егер сіздің балаңыз бұл тізімде болмаса, біз бұл көмекке бей-жай қарамайтын адамдарды мүмкіндігінше тартуға тырысамыз. Егер біз жасай алсақ, екінші базаға тіркейміз, мүмкін сіздің балаларыңыз бұл тізімге енеді», – дейді ол.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу