КОМАНДИРІН ӨЛТІРГЕН ҒАРИФТІҢ ЖАЗАСЫ ӨЗГЕРІССІЗ ҚАЛДЫ
Өткен жылы күзде өз командирін атып өлтірген Серік Ғарифке жәбірленуші тарап соттан өмір бойы бас бостандығынан шектеу жазасын сұраған болатын. 8-ші сәуірде БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оған 13 жыл бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Алайда, марқұм Рүстем Рахишовтың туыстары бұл шешімге қанағаттанбай облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасына істі қайта қару туралы өтініш берді.

Серік Ғариф ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтеуге сотталды. Сонымен қатар оған жәбірленушілердің пайдасына 2,7 млн. теңгеден астам материалдық және 4 млн. теңге моральдық шығын өндіру міндеттелді. Алайда, жәбірленуші тараптың қорғаушысы оқиға қызмет бабындағы келеңсіздік нәтижесінде болғандықтан, қылмыскерге берілген жазамен келіспейтіндерін мәлімдеді.
– Серік Ғариф өзінің тарапына айтылған сын-ескертпелерді көтере алмай, ашу-ызаға ерік беріп, Рақышовты 7 рет атып өлтіргенін мойындап отыр. Істі тергеу барысында куәгерлердің барлығы да тек екеуінің жұмыс бабында ғана сөзге келетіндерін мәлімдеген. Сол себепті бұл шешімге менің қорғауымдағы жәбірленуші жақ келіспейді, – деді адвокат Айгүл Орынбекова.
Сот залында Рүстем Рақышевтың әкесі Жасқайрат Рақышов бауыр еті баласының қарапайым болғанын және өзіне міндеттелген жүктемені жоғары жауапкершілікпен орындағанын айтып еске алды. Оны өлтірген қанды қол қылмыскерге бұл жаза жеңіл деп есептейді.
– Өйткені өзіміздің ауылда бұған дейін екі ішімдік ішкен адамның арасында кикілжің орнап, біреуі бірін пышықтап өлтірді. Сол адамға сот 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Ал менің ұлымды қызмет бабында қасақана өлтірді. Сондықтан сіздердің алдарыңызға келіп, қанішердің жазасын қайта қарауды сұраймын. Менің баламды қыршын кетірген қанкөйге кем дегенде 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраймын,– деді Жасқайрат Рақышов.
Осы орайда қос тараптың және прокурордың мәлімдемелерін тыңдаған апелияциялық сот алқасы бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қорытындыға келді. Яғни, Серік Ғарифтің жазасы өзгеріссіз қалды. Ал жәбірленуші отбасы бұл шешімге әлі де қанағаттанбайтындарын жеткізді.
Айнұр ТӨЛЕУҒАЛИҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу