«KODOKON SPIRIT» ДЗЮДО ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Орал қаласының 10 шағынауданынан көпбейінді спорт кешені – «Kodokan Spirit» дзюдо орталығы ашылды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев пен қала әкімі Абат Шыныбеков қатысты.
Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы бұл спорт кешенінің ашылуы облысымызда бұқаралық және балалар спортының дамуына, дені сау ұлттың қалыптасуына ықпал ететінін атап өтті.
– Өткен жылы жергілікті кәсіпкер Ғайса Жұмалиев ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өз есебінен дзюдо орталығын ашу туралы бастама көтерген болатын. Жерлесіміз осы жерде туып-өскен. Қазақстан мемлекеті мен халқының арқасында табысты кәсіпкерге айналды, жетістікке жетті және еліне алғыс ретінде осындай сыйлық жасауды жөн санады. Кәсіпкердің идеясын қолдау үшін әкімдік тарапынан 80 сотық жер учаскесі берілді. 11 айда ол халықтың, жас ұрпақтың игілігі үшін жұмыс істейтін нысан тұрғызды. Біздің әрқайсымыз елдің дамуына үлес қосуымыз керек және бұл спорттық нысанның ашылуы облыстың басқа кәсіпкерлеріне үлгі болады, – деді өңір басшысы. Айта кету керек, спорттық нысан облыстық дзюдо федерациясының вице-президенті Ғайса Жұмалиевтің бастамасымен салынған. Спорт кешенінің құрылысына 250 миллион теңге жұмсалған. Салауатты өмір салтын қолдап, спортты серік еткен жандарға сабақтарды тәжірибелі жаттықтырушылар өткізеді. Сондай-ақ, мұнда дзюдо сабақтарынан басқа мини-футбол, йога, гамакта йога, би, гимнастика және жаттығу залында қосымша сабақтар өтеді. Спорт кешенінің инфрақұрылымы келушілерге ыңғайлы етіп жасақталған. Негізгі залда 132 орындық трибуна, кофе залы, күту залы және сабақтарды онлайн-бейнебақылау, массаж бөлмесі, оған қоса демалыс аймағы және душ бөлмесі бар. Көпфункционалды спорт кешені – «Kodakan Spirit» дзюдо орталығының ашылуы облысымызда дзюдоны дамытуға өз септігін тигізері сөзсіз. Су жаңа нысанды тамашалаушылар болашақта олимпиада ойындарында алтынды қанжығалар, еліміздің абыройын асқақтататын жерлестеріміз осы жерден шығарына үмітпен тарқасты.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру

Пікір үстеу