8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2019 1622 0
Қоғам

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облысының азаматтық орталығына тәжірибе алмасу мақсатында Атырау облысы үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері келді.

Делегация құрамында «Jarqyn Bolashaq» ҚБ өкілдері Д. Ғасырбек, Н. Сүйеуқызы, «Нейбарт» ЖК-нің иесі И. Нейбарт, «Ер жүректілер» ҚБ өкілі Г. Өтебалиева, «Ақжол» ҚБ-нен Қ. Құрмашев, «Атырау облысының азаматтық орталық» маманы А.Баяндықызы болды. Батыс Қазақстан облысы атынан «Азаматтық орталық» жетекшісі А.Құрымбаев, «Нұр» ҚБ директоры Г. Франк, «Мейірім» ҚБ жетекшісі Э. Бекқазиева, «Altyn dombyra» ЖК-нің иесі Ж. Сейтахов,  «Суретші шеберханасы» ЖК-нен Б. Жұмабаев, волонтерлар М. Муксинова, Қ. Жұбанышевалар әлеуметтік кәсіпкерлік пен жобалау туралы айтып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Азаматтық орталықтың жұмысы таныстырылды.

Негізгі міндеттерді іске асыру үшін Азаматтық орталық орталыққа жүгінген ҮЕҰ-ға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету,  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар, сондай-ақ сыйлықақылар беру бойынша конкурстық рәсімдерге қатысу үшін құжаттар дайындауда әдістемелік,  әлеуметтік маңызы бар салада іс-шаралар өткізу кезінде материалдық-техникалық көмек көрсетіп, ұйымдық ықпал етіп келеді (дөңгелек үстелдер, ҮЕҰ-мен кездесулер, дәрістер және т.б. өткізу). ҮЕҰ кадрлық әлеуетін арттыру үшін тренингтер мен семинарлар өткізу, ротациялық (бекітусіз) негізде жұмыс іс-шараларын өткізу үшін үй-жайды қысқа мерзімге ұсыну,  ҮЕҰ қызметін дамыту және тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық, консалтингілік және білім беру қызметтерін көрсету,  азаматтық сектор арасындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жүйесін дамытуға ықпал ету, бизнес – ҮЕҰ – мемлекет сектораралық әлеуметтік серіктестігін дамыту, мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету және орталықтың жұмысы аясында көшпелі семинарлар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін семинар-тренингтер, ҮЕҰ арасында «Ең үздік әлеуметтік жоба» байқауын ұйымдастыруды да қолға алды.

Тәжірибе алмасу мақсатындағы кездесу аясында кейбір мәселелер талқыланып, болашақта бірлесіп жұмыс істеу жоспары құрылды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
328 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»