ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА БҚО-НЫҢ КЕШЕНДІ ДАМУ ЖОСПАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ
Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысына қатысып, онда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген өңірдің 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды. Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Кешенді жоспар облыстың проблемалық мәселелерін терең талдау негізінде әзірленіп, 116 іс-шараны қамтыды. Оларды іске асыру үшін шамамен 2,6 трлн. теңге көлемінде қаржы қажет.
Құжатта бюджеттен тыс қаражат – квазимемлекеттік сектор мен жеке инвесторларды тартуға басты назар аударылғанын атап өткен жөн. Бұл шығыстардың 80% – ға жуығы жеке бизнес есебінен және МЖӘ тетігі арқылы қаржыландыру қарастырылған.
Жоспарда өңірді тауарлық газбен қамтамасыз ету, электр желілері мен автомобиль жолдарын жөндеу, Орал және Ақсай қалаларында жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау желілерін, кәріздік тазарту құрылыстарын реконструкциялау мәселелерін шешу көзделген.
Тұрғын үй саласында 3 млн.ш. м. тұрғын үйді іске қосу, облыс аудандарында – сумен жабдықтау объектілерін салу және реконструкциялау жоспарлануда, бұл 2025 жылдың соңына қарай ауыл халқын сумен 100% қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әлеуметтік салада емхана, кардиологиялық орталық корпусы, ауылдарда модульдік медициналық нысандар, мектептер, оңалту орталығы, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу көзделген.
Облыс әкімі атап өткендей, кешенді жоспарды іске асыру 4 жыл ішінде 38 мың жаңа жұмыс орнын құруды, өңір тұрғындарының көптеген әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешуді қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ, бұл халық табысының өсуіне оң әсер етуі тиіс.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ӨЗ САЙЛАУ УЧАСКЕҢІЗДІ ҚАЛАЙ ОҢАЙ ТАБУҒА БОЛАДЫ? ОНЛАЙН-СЕРВИС ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
БҚО-да жол қозғалысы ережесін сақтамаған жүргізуші жауапқа тартылды
160 мың мұғалімге ChatGPT Edu: теледебаттың басты тақырыбы – білім мен жасанды интеллект
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
«Сайлау-2026: жаңа саяси конфигурациядағы өңірлер» тақырыбында «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» ұлттық сарапшылық алаңының отырысы өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды

Кіру

Пікір үстеу