ҮКІМЕТ ҚОЛҒА АЛҒАН ШАРАЛАР АРҚЫЛЫ 740 МЫҢҒА ЖУЫҚ «ШЫҒАРЫЛҒАН» АЗАМАТ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ САҚТАНДЫРУ МӘРТЕБЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ
Қазақстан Үкіметі ТЖ жағдайында медициналық сақтандыру жарналары бойынша берешектері қалыптасқан халықтың кейбір санаттарына МӘМС жүйесінде сақтандыру мәртебесін беру бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының бастамаларына қолдау көрсетті.

«Біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына келіп түскен өтініштерге талдау жасадық және азаматтардың сақтандырылған мәртебесінің болмауының негізгі себептерін анықтадық. Қазақстандықтардың бір бөлігі қатаң карантин мен төтенше жағдай кезінде МӘМС жүйесіне жарна төлеу мүмкіндігінен айырылды, оларға медициналық көмекке қол жеткізу үшін қолдау қажет болды. Қор Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Үкіметі қолдаған осындай ұсыныстарды әзірледі», – деп «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ БҚО бойынша филиалының директоры Нұржамал Жумагулова атап өтті.
Талдау көрсеткендей, «сақтандырылған» мәртебесінің болмауының негізгі себебі 42,5 мың теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем алу үшін жеңілдікті санаттағы өкілдермен БЖТ төленуі болды. Осыған байланысты ақпараттық жүйелер оларды автоматты түрде БЖТ төлеушілер санатына ауыстырды. Тиісінше, олар Saqtandyry базасында жеңілдетілген санаттардан «шығарылды». Сондай-ақ, төтенше жағдай кезінде төлемдерінде үзілістер туындаған жалдамалы қызметкерлер, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын тұлғалар МӘМС жүйесінен тыс қалды.
Осыған байланысты, Үкімет келесі шараларды қолдады:
– жалдамалы қызметкерлер соңғы 3 айда кемінде 1 төлем болған кезде және егер төлемдер бойынша берешек жыл басынан бері 2 айдан аспаса, МӘМС жүйесінде қалпына келтіріледі;
– жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ соңғы 3 айда төлем болған жағдайда, жыл басынан бастап 2 айдан аспайтын берешегі барлар (мемлекеттік кірістер комитетінің ресми ақпаратына сәйкес, олар қызметін тоқтатқан жағдайда) сақтандырылған адамдардың мәртебесін алады;
– ТЖ кезеңінде жеңілдік санатымен БЖТ төлегендердің төлемі есепке алынбайды және сақтандыру мәртебесі автоматты түрде қайтарылады;
– COVID-19-ға қарсы күрес шеңберіндегі шектеу іс-шараларына байланысты қызметкерлердің мәжбүрлі демалыстарда күтімсіз болған кезеңдері берешек ретінде есепке алынбайды. Бұл ретте табысты жоғалтудың дәлелі табыстың жоғалуына байланысты біржолғы әлеуметтік төлем алу болып табылады (42500 теңге).
«Бұл шаралар медициналық сақтандыру жүйесіне 740 мыңға жуық адамды қайтарды. Бұл санаттарды қосу жұмыстары әлі де жүргізілуде және үкімет шараларының арқасында сақтандырылғандар саны әлі де арта түседі. Осылайша, коронавирустық пандемияға байланысты табысынан айырылған немесе бенефициарлардың арасынан шыққан азаматтар медициналық сақтандыру жүйесіне қайтарылады және медициналық көмектің барлық көлемін ала алады», – деп филиал директоры Нұржамал Жумагулова атап өтті.
Мәртебені алу үшін азаматтарға қандай-да бір жерге барудың қажеті жоқ. Барлық деректер ақпараттық жүйелерде автоматты түрде жаңартылады.
Сондай-ақ, Қор уәкілетті министрліктермен бірлесіп, 2020 жылдың 1 қазанына дейін МӘМС жарналары мен аударымдарынан босатылған ШОБ-тың сақтандырылған қызметкерлеріне мәртебе беру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл 800 мыңнан астам жұмыскерге әсер етеді.
Сақтандыру мәртебесі бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, Play Market және App Store-да орнатуға болатын Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысында дайын құжаттарды жеткізу бойынша жаңа сервис іске қосылды
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты

Кіру
Пікір үстеу