КЕШІРІМ ЖОҚ
10 жастағы Бақтияр Болатты қағып өлтірген 20 жасар әйел қамауға алынды. Оның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Марқұм болған баланың тума-туыстары кінәлі тұлғаның заң аясында жазасын алуын және оған титімдей де кешірімнің болмайтынын мәлімдеді.

10 жасар Бақтияр Болатты кеше, 17 қараша күні таңертеңгілік уақытта Оқушылар сарайына барар жолдағы жолдан өту жолағында көлік қақты. Өкінішке орай, ауруханаға жеткізілгенімен, ақ халаттылар бүлдіршіннің өмірін сақтап қала алмады. 10 жасқа қазанның 26-шы жұлдызында толғанын айтқан оның тумалары кеше Бақтиярды қаққан 20 жасар келіншектің тумалары келіп кешірім сұрағанын айтты. Он – ақ жыл өмір сүрген жас ғұмырдың осылай қиылғанына сене алмайтындарын айтқан қара жамылған отбасы «кінәліге кешірім жоқ» дейді.
Марқұм Бақтияр №42 «Ақ ниет» гимназиясының 4 сыныбында оқыған. Мектеп директоры Ерік Жылқыбаев оның көп балалы отбасынан шыққанын және гимназияда үйдің өзге де балаларының білім алып жатқанын тілге тиек етті. Ата-анасы туралы да жағымды пікір қалдырған ол отбасына қайғыра көңіл айтып, бақилық болған балғын «өмірге құштар, қағылез бала болды» деп еске алды.
Осы орайда тәртіп сақшылары көлік тізгіндеушілерге сақтық шараларын ұмытпауға шақырады. Ақтық сапарға Бақтияр ертең шығарып салынады дейді ағайындары.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу