КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ: ТЕСТ ЖАУАПТАРЫН КӨШІРГЕН 1000-НАН АСА ТАЛАПКЕРДІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖОЙЫЛДЫ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Білім және ғылым министрлігі магистратураға түсудің әрбір грантын бақылауға алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабирбаев, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. Дидар Смағұлов айтты.

Кешенді тестілеу 10-14 тамыз аралығында 27 кешенді тестілеу пункті базасында өткізілді. Барлық 27 пункт 298 ұялы байланыс сигналдарын басушылар құрылғымен 128 металл іздегіш, 298 бейнекамерамен жабдықталған. Білім және ғылым министрлігі тарапынан тестілеуді өткізу ережелерінің сақталуына бақылаушы ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері, арнайы мониторингтік топтардың мүшелері, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің өкілдері, сондай-ақ БАҚ және жұртшылықтың басқа да өкілдері тартылған.
Қоғамдық ұйымдардың қатысуы студенттердің тыйым салынған заттарды (смартфондар, шпаргалкалар) пайдалану фактілерін азайтып, жалған адамдардың қатысуы, емтихан кітапшаларын шығару және т.б. жоққа шығарылды.
Тестілеуге қатысуға 30 579 үміткер өтініш берді, бірақ тестілеуге 28 131 адам ғана қатысты. Тексеру кезінде барлығы 21 000-нан астам тыйым салынған зат тәркіленген. Оның 20 497-і смартфон, 498-і шпаргалка, 373-і калькулятор. Тестілеу кезінде 1 021 адам тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, актілер жасалды және талапкерлердің нәтижелері жойылды. Сондай-ақ бірнеше талапкер емтихан кезінде көшіргені үшін ұсталған.
Мамандардың атап өткендей, бұл ЖОО-ның жағымсыз көрсеткіштерінің бірі.
Ақмола облысы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – 5 (62%, барлығы – 8).
Ақтөбе облысы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті – 42 (93%, барлығы – 45).
Алматы облысы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті – 12 (100%, барлығы – 12).
Атырау облысы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті -2 (50%, барлығы – 4).
Шығыс Қазақстан облысы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – 21 (33%, барлығы – 63).
Батыс Қазақстан облысы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті – 5,
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – 5 (52%, барлығы – 19).
Жамбыл облысы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті – 2 (12%, барлығы -16).
Қарағанды облысы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті – 48 (38%, барлығы – 125).
Қостанай облысы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті – 34 (85%, барлығы – 40).
Қызылорда облысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті – 17 (45%, барлығы – 38).
Маңғыстау облысы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті– 2 (18%, барлығы-11).
Павлодар облысы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті – 51 (51%, барлығы – 100).
Солтүстік Қазақстан облысы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 14 (87%, барлығы-16).
Түркістан облысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті – 4 (66%, барлығы – 6).
Нур-Султан Казахский агротехнический университет имени С.Сейфуллина – 20 (11%, барлығы – 180).
Алматы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 61, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті – 59 (48%, барлығы – 250).
Шымкент М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті – 46 (66%, барлығы – 69).
Брифинг соңында БАҚ өкілдеріне келешекте абитуриенттердің танымал әлеуметтік желілерде магистратураға тестілеуден өтуінің онлайн трансляциясын қарастырылатыны айтылды. Бұл қоғамның онлайн режимде тестілеуді өткізу барысын бақылауға және талапкерлердің парасаттылық деңгейін айқын анықтауға мүмкіндік береді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу