8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Наурыз 2020 1621 0
Өзек

ӘКЕЛІ-БАЛАЛЫ ҚЫЛМЫСКЕРЛЕР

Есірткі тектес тыйым салынған өсімдік түрлерін өсірген әкелі-балалы Полянскийлер 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Үкімді бүгін БҚО қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында судья Бақыт Ермаханов оқыды.

Анықталғандай, 34 жасар Николай Полянский мен оның 59 жасар әкесі Владимир Полянский Бәйтерек ауданындағы Сапартак ауылы Быковка өзенінің жағасындағы көптің көзіне іліне бермейтін үлкен аумақта көкнәр мен қарасора өсімдіктерін өсіріп, 32 келі кеппеген және 8 келі кепкен өнім жинаған. Тергеу барысында Николай Полянский аталған есірткі затын «жеке басты қанағаттандыру мақсатында өсірдім» деп ақталмақ болған. Алайда, бұл салмақтағы есірткі заты аса көп мөлшердегі улы зат болып болып табылады. Сонымен қатар айыптылардың үйлерін тінту барысында дайын өнімді салуға арналған арнайы құтылар табылған. 1986 жылы туған Н.В. Полянский Қылмыстық кодекстің 300-бабының екінші бөлімі, 297-бабының үшінші бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға кесілсе, 1961 жылы туған В.В.Полянский Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5 бөлімі, 300-бабының екінші бөлімі, 297-бабының үшінші бөлімімен кінәлі деп танылды.

Енді сыьайлас әкелі-балалы қылмыскерлер бұл әрекеттері үшін 10 жыл бойы тар қапаста жазаларын өтейтін болады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»