Кеңтүбекте спорттың дамуына жол ашқан «AMANAT» бастамасы
«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар ел аумағында азаматтардың нақты мәселелерін шешуге бағытталып келеді. Батыс Қазақстан облысының Кеңтүбек ауылында тұрғындар көтерген сондай өзекті түйткілдің бірі – елді мекенде арнайы спорт нысанының болмауы еді. Ауыл тұрғындары, әсіресе жастар, спортпен көбіне тек жаз айларында шұғылданып, қыс мезгілінде немесе ауа райы қолайсыз болғанда жаттығуын тоқтатуға мәжбүр болатын.
Осы жағдайды ескерген «AMANAT» партиясы ауылда заманауи спорт кешенін салу бастамасын қолға алды. Нысанның құрылыс жұмыстары партияның тұрақты бақылауында болды. Нәтижесінде барлық жұмыс белгіленген талаптарға сай, уақтылы әрі сапалы орындалып, Кеңтүбек ауылында заманауи спорт кешені пайдалануға берілді. Осылайша тұрғындар жыл мезгіліне қарамай, тұрақты түрде спортпен айналысу мүмкіндігіне ие болды.
Нысан іске қосылғалы бері ауылда спортпен шұғылданатын азаматтар қатары айтарлықтай артқан. Бүгінде кешенде таңғы уақыттан бастап кешке дейін балалар да, жастар да, ересектер де дене шынықтырумен тұрақты түрде айналысуда. Бірі денсаулығын нығайтуды мақсат етсе, енді бірі кәсіби спортқа алғашқы қадамын жасауда.
Заманауи талаптарға сай жабдықталған кешен бір мезетте 400-ден астам адамды қабылдай алады. Онда әмбебап ойын алаңы, күрес пен жаттығу залдары, фитнес және тренажер бөлмелері бар. Әр бағыт бойынша жүйелі жаттығу жүргізуге барлық жағдай жасалған.
Соның нәтижесінде ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығы едәуір артты. Бұрын сырт алаңдарда немесе бейімделмеген орындарда әуесқой деңгейде жаттығып жүрген жастар, енді арнайы залда шеберлігін шыңдап, аудандық, облыстық жарыстарға белсене қатысуда.
«Ауылдағы ашық алаңдардара футбол ойнап келдік, ал қыста мүлде мүмкіндік болмайтын. Қазір жыл бойы жаттығу жасап, команда ретінде шыңдалып келеміз. Жарыстарға да қатыса бастадық. Әр ойын сайын нәтижеміз де жақсарып жатыр», – дейді ауыл тұрғыны Асылхан Жұматов.
Жаңа спорт кешенінің іске қосылуы ауылдағы әлеуметтік белсенділікті де арттырды. Тұрғындар арасында салауатты өмір салты кеңінен насихатталып, түрлі спорттық іс-шаралар тұрақты өткізіле бастады. Бұл өз кезегінде азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және жастарды пайдалы іске тартуға мүмкіндік беріп отыр.
Облыстық партия филиалының атқарушы хатшысы Азамат Сафималиевтің айтуынша, мұндай жобалар нақты сұраныс негізінде жүзеге асырылып келеді.
«Біз нысанның салынуына ғана емес, оның нақты жұмыс істеп, халыққа пайдалы болуына да баса мән береміз. Кеңтүбектегі кешен – соның айқын дәлелі. Мұнда балалар да, жастар да, ересектер де тұрақты түрде спортпен айналысып жүр», – деді ол.
Жалпы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша жалпы сыйымдылығы 1520 орындық 7 спорт нысаны ашылып, пайдалануға берілді. Бұл өңірде бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындардың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру



