8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Наурыз 2019 1670 0
Қоғам

КАСПИЙ ЖАҒАЛАУЫНА ЖҮЗДЕГЕН ШАЯН ШЫҒЫП ҚАЛДЫ

Бүгін Ақтау қаласындағы Әскери жағажайдың аумағында жүздеген шаян жағаға шығып қалды. Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Әдізал Шихметовтің айтуынша, бұл дауыл соғуына байланысты құбылыс екен. Жергілікті тұрғындар шаяндарды дереу жинап алған.Әдізал Шихметов көктем келуі және дауыл соғуына байланысты осындай құбылыс болуын түсіндірді. «Көктем келді, қыстан кейін шаяндар әлсіреді, сондықтан дауылды ауа райының салдарынан оларды жағаға лақтырды. Бұл қалыпты құбылыс, олар өздері суға кетеді», – деді балық шаруашылығы бөлімінің басшысы. Ол сондай-ақ, 2019 жылғы 1 сәуірден 15 маусымға дейінгі кезеңде облыста шаяндарды аулауға тыйым салынғанын еске салды. Тәртіп бұзушыларға ҚР Әкімшілік Кодексінің 383-бабының 3-бөлігі бойынша (балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу) 50 500 теңгеге (20 АЕК) дейін айыппұл салынады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
215 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
265 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
438 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
425 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»