8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2020 2224 0
Өзек

КАРАНТИНДІК РЕЖИМ: ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙДІ

Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков төтенше жағдай және карантин уақытында азаматтардың өмірін және денсаулығын қорғау, коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап облыс аумағында енгізілген бірқатар шектеу шараларымен таныстырды.

– Облыс аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі науқас тіркелді. Оларға қазір медициналық емдеу шаралары жүргізілуде. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың күрт өзгеруіне байланысты тиісті шектеу шаралары қабылданды. Бұл бірінші кезекте облыс орталығы Орал қаласының тұрғындарына және қалаға келуші азаматтарға қатысты. Санитарлық-карантиндік күшейту шаралары – облыс тұрғындарының денсаулығын сақтау және коронавирус инфекциясының таралуын тежеу мақсатында қолға алынды. Сол себепті өңір азаматтарын уақытша болатын қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамын, – деді Абат Абайұлы.

Қала әкімі Абат Шыныбековтың айтуынша, карантин кезінде азаматтарға қалаға келуге және шығуға тыйым салынады. Қаланың ішіндегі қозғалысқа да айтарлықтай өзгерістер енгізіледі. Қала бойынша аса қажеттіліктен басқа жағдайларда адамдардың және жеке көліктің қозғалысына тыйым салынады. Азаматтар нақты себептермен ғана ғана сыртқа шыға алады. Нақтырақ айтқанда, қолында жұмыс орнынан берілген анықтамасы бар азаматтардың жұмысқа баруы және қайта келуіне рұқсат бар. Бұл ретте жедел штаб бекіткен салалар бойынша қызметтерін жалғастырып отырған мекемелердің басшылары мен кадр бөлімі қызметкерлеріне анықтама беруі тиіс. Ол анықтамада мекеме атауы, қызметкердің аты-жөні, жұмыс орны басшысымен байланыс туралы деректер көрсетілуі тиіс. Азаматты құқық қорғау қызметкері тоқтатқан кезде ол осы анықтаманы ұсынуы керек.

Азық-түлік алу үшін шығуға болады. Бірақ, тұрғылықты мекенжайдан  екі шақырымдық қашықтықтан ұзамау керек.

Дәрі-дәрмек, медициналық заттар алу кезінде де мекенжайдан екі шақырымдық радиуста орналасқан дәріханаға ғана баруға рұқсат.

Үй жануарларын серуендету үшін тұрғылықты мекенжайдан 500 метрлік радиустан аспау қажеттігі ескертіледі және серуендету уақыты 30 минуттан артық болмауы керек.

Медициналық мекемелерге тек шұғыл жағдайда ғана баруға рұқсат.

Адам өміріне  денсаулыққа қауіп келтіретін төтенше оқиға орын алғанда ғана үйден шығуға болады.

Азаматтарға туған-туыстарына, таныстарына, көршілері мен әріптестеріне баруға тыйым салынады.

Бір отбасы азаматтарын есепке алмағанда, қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып тұруға тыйым салынады.

Кәмелетке толмағандардың үлкендердің жетелеуінсіз қалада жүріп-тұруына болмайды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»