КАРАНТИН КЕЗЕҢІНДЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
26 ақпанда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бастамасымен «Protecting Business and Investments» жобасы аясында облыс әкімінің бірінші орынбасары М.Н.Манкеевтің, уәкілетті мемлекеттік органдар өкілдерінің (сәулет, қала құрылысы, құрылыс, кәсіпкерлікті дамыту, Мемлекеттік кірістер мен көші-қон және т.б. салаларда), «Атамекен» ҰКП өңірлік филиалы мен ірі және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен онлайн диалог алаңы өткізілді.

Диалотық алаңда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының орынбасары Н.Самет карантин кезеңінде бизнес субъектілерінің облыстағы инвестициялық жобаларды іске асыру проблемаларына тоқталды. Мемлекеттік құрылымдардың құзыреттілігі мен ашықтығы қолайлы инвестициялық ахуал құруға және сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмауға мүмкіндік беретінін, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу саласында жалпы құны 854 млрд. теңге болатын 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқандығын атап өтті.
Сонымен қатар «Самал» ауданында тұқы балықтарын өсіру бойынша «ПСП «Серік» ЖШС-ның жобасын іске асырудың проблемалық мәселесі талқыланды.
Өз кезегінде М.Н.Манкеев аталған жобаны келісу үшін айтарлықтай әкімшілік ресурстар жұмсалғанын, соның арқасында жобаның бір бөлігін іске асыру қарқынды жүріп жатқандығын, алайда учаскелердің меншік иелерімен мәселесі әлі де өзекті болып қалатынын жеткізді.
«Аqjaiyq»ӘКК басшысы Н.Ш. Курумбаев облыс әкімдігінің шетелдік және отандық инвесторларды қолдау бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы айтып, инвесторларға қызмет көрсету орталығының жұмыс істеу тұжырымдамасымен таныстырды.
Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың өкілдеріне сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде онлайн кеңес беру бойынша ұсыныстар берілді.
Кездесуге қатысушылар аталған іс-шараны өткізудің маңыздылығын атап өтіп, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан шараларға қатысты өз пікірлерін білдірді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу