КӘСІПКЕР ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАҒА ОТТЕГІ КОНЦЕНТРАТТАРЫН СЫЙЛАДЫ
Бүгін оралдық кәсіпкер, «Давид Строй» ЖШС директоры Қанат Жанғазиев облыстық көпбейінді ауруханаға әрқайсысының құны 680 мың теңге тұратын үш оттегі концентратын сыйға тартты. Қазіргі таңда емдеу ісіне аса қажетті құрылғы қысылтаяң шақта жерлестеріміздің қауіпті дерттен айығуына сеп болары сөзсіз.

Облыстық көпбейінді аурухана директоры Арман Байдеуов дәрігерлерге қолдау, науқастарға көмек көрсетіп жатқан жанашыр жандарға шексіз алғысын білдірді.
– Бүгінде ауруханадағы жағдай тым ауыр. Провизорлық стационарға күніне ауа жетпей демігіп, жиырмадан аса науқас түседі. Осы тұста оларға оттегі концентраты аса қажет. Бизнесменнің бұл сыйы науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге үлкен сеп болды. Сол себепті медициналық қызметкерлердің, емделушілердің атынан ризашылығымызды білдіремін, – деді «Көпбейінді облыстық ауруханасы» ШЖҚ МКК директоры Арман Байдеуов.
Өз кезегінде кәсіпкер облыстық ауруханаға алғаш рет қайырымдылық жасап отырғанын тілге тиек етіп, алдағы уақытта қолдан келген көмегін аямайтынын жеткізді.
– Елімізде болып жатқан төтенше жағдайға бейжай қарап отыра алмадық. Осы орайда Орал қалалық әкімшілігіне хабарласып, тұрғындарға қандай көмек қажеттігін сұраған едік. Ақылдаса келе, облыстық ауруханада оттегі концентраты жетіспейтінін білдік. Сол себепті ауруханаға үш құрылғыны алып келдік. Бұл бастаманы өзге кәсіпкерлерге жолдаймыз. Мұндай қиындықты тек бірлігіміздің нәтижесінде ғана жеңе аламыз, – дейді Қанат Қайратұлы.
Айта кету керек, 7 шілдедегі мәлімет бойынша өңірімізде індет жұқтырғандар саны – 3423-ке жетті. Олардың 1185-і жазылып, үйлеріне шыққан. Облыстық аурухананың провизорлық стационар бөліміне күніне 20-22 науқас түссе, 100-ден аса науқас ем алуда. Аурухана басшысының мәліметінше, он екі науқас ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр.
Жуырда облыстық көпбейінді ауруханада 150 орын провизорлық стационар ашылады деп күтілуде.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу