Көлікті кепілден SMS-пен алып тастау: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҮШІН КӨПТЕН КҮТКЕН ҚЫЗМЕТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Көптен күткен көлікке қол жеткізудің ең танымал тәсілдерінің бірі – әрине, көлік несиесі. Алайда, соңғы төлем темір тұлпарға ие болу қуанышын аздап басып тастауы ғажап емес, себебі көлікті кепілден алып тастаудың ұзақ және кейде күрделі процедурасы күтіп тұрады. Ол үшін банктен анықтама алып, әкімшілік полицияға барып, мемлекеттік баж салығын төлеп, құжаттарды кеңсеге тапсырып, ұзақ күту керек. Оның үстіне әркез ұзын-сонар кезектерге тұрып, бірталай шыдамдылық пен күш-жігер жұмсауға тура келеді. Еуразиялық банк автонесиелеу саласындағы танымал көшбасшы ретінде бұл мәселені алғашқы болып серіктесі Nume Group ЖШС-пен бірлесе отырып шешті. Көлік несиесі төленгеннен кейін клиентке eubank.kz сілтемесі бар SMS келеді, оған басып өту арқылы көлікті кепілден (ауыртпашылықтан) алып тастауға өтініш беруге болады. Бірнеше өрісті толтырып, құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса беру қажет. Өтінішті Еуразиялық банк пен серіктес өңдегеннен кейін, ол уәкілетті органдарға жіберіледі, ал клиент egov.kz сайтында жағдайды бақылау үшін SMS алады.
Серіктес анықтаған рәсімнің құны келесідегідей: 3 күн ішінде алып тастау – 12 990 теңге және 1 күнде алып тастау – 19 990 теңге. Бағаға мемлекеттік баж салығы, банктік комиссиялар, агенттердің қызметі үшін төлем және өзге де шығыстар кіреді. Айта кетсек, бұл Еуразиялық банктің толығымен онлайн-арналарға ауысып жатқан алғашқы қызметі емес. Банк түбегейлі цифрландыру жолына түскенін және клиенттердің өмірін жеңілдете түсу үшін өзге де ыңғайлы қызметтерді ұсынуды қолға алғанын мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу