КӨЛІК ҚҰРЫЛЫМЫН ЗАҢСЫЗ ӨЗГЕРТКЕН 300-ГЕ ЖУЫҚ ЖҮРГІЗУШІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Жыл басынан бері көлік құралдарының құрылымын заңсыз өзгерткені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігіне сай 299 жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 5 млн. 156 мың 362 теңге айыппұл салынды. Осы ретте Орал қаласы Полиция басқармасы әкімшік полиция бөлімі көлік жүргізушілерін көліктерінің құрылымдарын өзгертуде уәкілетті органдардың келісімін алу процестерін сақтауға шақырады.

Қазақстан Республикасының 1418-2016 Ұлттық СТ-ның 4-тарауының, 4.1-тармағына сай автомотокөлік құралдарының құрылымына өзгерістер енгізу мемлекеттік уәкілетті органның келісімімен және қадағалауымен жүзеге асады. Көлік құралының құрылымына өзгерістер енгізбес бұрын көлік иесі ішкі істер органдарына көлік құралына өзгеріс енгізуге сұраныс беруі және қайта жабдықтауға рұқсат (газбаллон жабдығын орнату, борттық платформ, фургон, контейнерлер және т.б.) алуы қажет.
Содан соң көлік құралдарының құрылымдарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізуге рұқсаты бар лицензиялы ұйымдарға, сертификаттау органдарына жүгіну керек. Жұмыстар жасалғаннан кейін аталған органдардан барлық рұқсат беретін және растайтын құжаттар мен орындалған жұмыстардың актін алу керек.
Одан кейін Орал қалалық Полиция басқармасына келіп, жол-техникалық инспекциясына тобынан қорытынды алып, қайта жабдықтағаныңыз туралы көлік құралын тіркеу куәлігіне өзгеріс енгізу үшін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну керек.
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу