8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Ақпан 2020 1654 0
Қалалықтар қаперіне

КӨКТЕМ-2020: БҚО-ДА КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ ЖАТТЫҒУ БАСТАЛДЫ

Бүгін Батыс Қазақстан облысында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындық деңгейін арттыру  және халықты көкем кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға дайындау.

РКШОЖ  жоспарын жүзеге асыру бойынша оқу-жаттығудың бірінші күні 2 кезеңге жоспарланған. Бұл – басқару органдарының, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің күштерін функционалды міндеттерін орындауға дайындау және АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің күштерін басқару.

Оқу-жаттығу басшысының орынбасары, БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев орталық атқарушы орган өкілдерінің күш-құралдардың оқу-жаттығуға дайындығының жай-күйі, олар өткізген іс-шаралар туралы баяндамаларын тыңдады. Кеңес «Дабыл-101» сигналы бойынша бірінші кіріспені алған соң басталды.

Кеңес барысында Жасұлан Қыдырғожаұлы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, жою бойынша жедел шаралар қабылдау, орын алған жағдайда шығын көлемін, адам шығынын азайту, төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын арттыру секілді тапсырмаларды берді.

Сонымен қатар  қызметкерлердің жауынгерлік дайындығын тексеру мақсатында оқу дабылы бойынша БҚО ТЖД жеке құрамы шығарылды. Таңертең жауынгерлік дайындық күші тексерілді. Оқу дабылы барысында бүкіл жеке құрам, қызметтік куәлік және офицерлердің жетондары, олардың сыртқы келбеті мен дабыл шамадандары, оның жинақылығы тексерілді.

Ертең, 26 ақпан күні  АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының қызметтеріне міндеттелген тапсырмалар пысықталатын «Көктем-2020» РКШОЖ-ның практикалық бөлімі өтеді.   

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»