ЭТНОАУЫЛДА ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР ЖАҢҒЫРДЫ
Шаһар күні қарсаңында Оралдағы тұңғыш Президент алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ақжайық этноауылы» ұлттық мәдени кешені ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды ұлықтаған этноауылды қала тұрғындары 10 күн бойы қызықтай алады.

Этнооауылда қала және аудан орталықтарының киіз үйлері тігіліп, әр түрлі алаңдарға бөлінген. Ұлттық нақыштағы шаралар мен ақшаңқай киіз үйлерді көп жағдайда наурыз мерекесі қарсаңында көретін жұртшылықтың бұл жолғы таңданысында шек болмады. Қазақы дәстүрімізден сыр шертетін ұлттық бұйымдардан бөлек, талайды таңқалдырған Тақсай ханшайымының да бейнесі осы этноауылдан табылды.
– Бүгіннен бастап 15 қыркүйекке дейін Тұңғыш Президент алаңында «Ақжайық» этноауылы бой көтеріп отыр. Бұл жерде түрлі концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындар және өзге де шаралар жоспарланған. Жағалай киіз үйлер құрылып, алтыбақан орнатылды. Мақсатымыз – ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау. Музейіміз өздерінің композицияларын көрсетеді, – деді этноауылдың ашылу салтанатында сөз алған қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов. Одан әрі Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. Әсіресе, мұнда «Өрнекті өнер» ұлттық қолданбалы өнер бұйымдары жәрмеңкесін, сәндік қолданбалы өнер шеберханасын тамашалаушылар көп. Енді бір шетте «Алтын сақа» ұлттық ойындар сайысына қатысып, мәре-сәре болған балалар. Ал «Жәдігер» жылжымалы мұражай композициясы алыстан «мен мұндалап», көпшілікті еріксіз өзіне баурап алуда. Сондай-ақ көшпелі кітапхана да осы ауылда. Алдағы күндері Ақжайық өңірі ақындарының оқулары, көрермендер арасында «Абай оқулары» өтеді деп күтілуде. – Бүгінгі шараны тамашалау үшін немерелеріммен арнайы келіп отырмын. Осы алаңда өткізілетін мәдени шараларды үнемі келіп көремін. Мұндай шаралар қала халқы мен ауыл-аймақтағы тұрғындарды жақындастырады. Қаланың балалары осындай іс-шаралар арқылы ауылдың тұрмыс-тіршілігін, жай-күйін көріп, танысады, – дейді Жұлдыз шағынауданының тұрғыны Күләш Биғазиева. Бүгін ұлттық мәдени кешеннің ашылуында Бөрлі және Бөкейордасы ауданының қолөнер шеберлері өз өнімдерін ұсынды.





Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу