ЭЛЕКТРОНДЫ БИЛЕТ ЖҮЙЕСІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Менеев айтты.

Қазіргі уақытта Орал қаласында алты кәсіпорын жолаушылар тасымалын қамтамасыз етеді. Нақтырақ айтқанда, қалаішілік, қала маңындағы ауылдар және саяжай аумақтары бойынша 41 бағытта автобустар бар. Жолақы құны – 80 теңге. Бұл 2017 жылдың 1 тамызында көтерілген баға. Бөлім басшысының мәліметінше, негізінен жолақысы – 207 теңге болуы тиіс. Дегенмен, жергілікті бюджет есебінен айырмашылық субсидияланып отырғандықтан, әзірге жолақыны көтеру мәселесі туындап отырған жоқ. Айдар Менеевтің айтуынша, бүгінде тасымалдаушыларға бюджет есебінен 2018-2021 жылға дейін бектілген есеп бойынша 220 млн. теңге шамасында субсидия берілуде. Бұған дейін бірнеше қоғамдық көлікте электронды билет жүйесі енгізілген болатын. Бірақ, шілде айында бұл жүйе тоқтатылды.
– Тасымалдаушылар мен элетронды билет жүйесін қамтамасыз етіп отырған компонияның ортақ байламға келе алмауына байланысты жүйе тоқтатылды. Дегенмен, цифрландыру аясында жұмыс жасап жатқан өзге компаниялармен келіссөздер жүргізілуде. Алдағы уақытта электронды билет жүйесі қайтадан енгізіледі. Өйткені еліміздің барлық қалаларында қоғамдық көліктер 2020-2021 жылдары толықтай электронды билет жүйесіне көшуі тиіс. Бұған дейін 10 мыңға жуық көлік картасы сатылғанын анықтадық. Біздің жаңа компанияға қойып отырған басты талабымыз – осы карталарды қолдану. Яғни, операторлар ауысқанымен, көлік картасын сатып алған жолаушылар зардап шекпейтін болады, – деді Айдар Қазбекұлы.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу