Электр тарифін негізсіз көтерген екі ірі лауазымды тұлға сотталды

Осы жылдың басында облыстық прокуратура қызметкерлері тексеру жүргізіп, 2018 жылы «Жезқазған электр тарату желісі» АҚ-тың өкілдері ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қарағанды облыстық департаментімен заңсыз байланысқа шығып, тарифті жоғарлату туралы өтініш түсіргені анықталды.
Өз кезегінде, Монополияға қарсы органның лауазымды тұлғалары өтінішті кері қайтарудың орнына монополисттің 2017-2020 жылдарға арналған тарифін өсіруін бекітіп, құжатқа қол қойған.
Осылайша ауыз жаласқан «Жезқазған электр тарату желісі» АҚ-тың және Монополияға қарсы органның жергілікті лауазымды тұлғалардың заңсыз бұл әрекеті тұтынушыларға 1,3 миллиард теңге көлемінде шығын келтірді. Осы факті бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алып, тергеу кезінде күдіктілер өз кінәсін толық мойындады. «Жезқазған электр тарату желісі» АҚ-тың бұрынғы бас директоры үстінен аса ірі көлемде алаяқтық жасады, ал аймақтық монополияға қарсы орган басшысының бұрынғы орынбасары – жұмысқа үстірт қарағаны үшін іс қозғалып, ол сотқа жөнелтілді. «Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотының үкімімен «Жезқазған электр тарату желісі» АҚ-тың бұрынғы бас директоры ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған оған 3 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Осы соттың шешімімен облыстық монополияға қарсы орган басшысының бұрынғы орынбасары ҚР Қылмыстық кодексінің 371-бабы 2-тармағы бойынша іс мерзімінің өтіп кетуіне байланысты қылмыстық жауапқа тартудан босатылды», деп Жезқазған облыстық прокуратурсының баспасөз қызметі.
Сонымен бірге,биылғы жылдың сәуір айынан бастап монополист тұтынушыларға келтірген шығынды өз еркімен өтей бастады. Бүгінгі күні өтелген шығын мөлшері шамамен 290 миллион теңгені құрайды.
https://kaz.zakon.kz/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу