ЭКСПОРТТЫҚ БАҚЫЛАУШЫЛАР 58 ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫН КЕСТІ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері облыстағы шекара өткізу бекеттеріндегі экспорттық бақылау жұмыстары туралы мәлім етті.

Мемлекеттік кірістер органдары 2019 жылдың 16 қаңтарынан бастап ЕАЭО аясында өткізілетін тауарлардың мониторингін жүзеге асырады. БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті кеден одағы шеңберінде әкімшелендіру бөлімінің басшысы Исатай Нысанбаевтың мәлімдеуінше, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында өткізу пункттерінде 6 184 автокөлікке экспорттық бақылау жүргізілген. Мемлекеттік кірістер департаментінің жүргізген жұмысын талдауы тауарларды импорттау кезінде анықталғандай, 4 146 автокөлік құралының салық міндеттемесін орындаған болса, 2 038 автокөлік құралдарына өткізілген тауарлар бойынша салық міндеттемелерін орындау қамтамасыз етілмеген.
– Мұның себептері тауарға ілеспе құжаттардың, ілеспе құжаттарда тауарларды алушылардың тіркеу деректерінің болмауы. Сол сияқты тауарды алушы таратылған салық төлеуші немесе тауарға ілеспе құжаттарда ҚР резиденті емес жөнелтуші мен алушы болу жағдайлары кездеседі. Салық кодексі нормаларына сәйкес импортталатын тауарларға тауарлық-көліктік жүкқұжаттардың болуын және автокөлік құралдарын тексеру кезінде тауар-көлік жөнелтпе құжаттарында көрсетілген мәліметтерге тауарлардың атаулары сәйкестігін тексеруді мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыруға құқылы. Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында тексеру барысында ресейлік сатушыны тіркеу есебінің немесе тауар алушыны тіркеу есебінің дерекқорында болмауын анықтаған кезде – тауарларды әкелуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылданатын болады, – деді Исатай Ерболатұлы.
Мамандардың сөзінше, мониторингті жүзеге асырған сәттен бастап ағымдағы жылдың 16 қаңтарынан бастап экспорттық бақылау басқармасының қызметкерлері экспорт бойынша шектеулер енгізілген тауарларды әкетуге әрекет етудің 58 фактісінің жолын кесті. Оның ішінде түсті және қара металл сынықтарын шығару бойынша 55 факт, дизель отынын, макулатура мен терілерді шығару бойынша бір факт анықталған.
Қазір «Сырым» өткізу пунктіндегі кептелістердің орын алуы туралы наразылықтар аз емес. мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері «Сырым» өткізу пунктінің қолда бар инфрақұрылымы бақылау жүргізу үшін өткізу пунктінің аумағына бір мезгілде бесеуден артық жүк автомашиналарын кіріне және бесеуден шығуға жіберуге мүмкіндік бермейтінін, яғни қазіргі уақытта өткізу пунктін кесіп өтетін адамдар мен көліктің санына есептелмегенін атады. Негізінен жүк көліктерінің өту көлемі бойынша «Сырым» өткізу пункті Республика бойынша инфрақұрылымы дамыған Қостанай облысындағы «Қайрақ» және Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пункттерінен кейінгі үшінші ірі бекет саналады. Мұнда күрделі ғимарат 2002 жылы салынған, бүгінге дейін қайта жаңарту жүргізілмеген. Жүк және жолаушылар көлігінің бір жолақпен қозғалады. Сондықтан күніге өткізу пунктінен 700-800-дей көлік қана өте алады.
– Қазіргі таңда Қазақстан-Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктін жайластыру бойынша күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Көлік құралдарының қозғалыс бағытының жаңа жобасында төрт есеге ұлғайту жоспарланды. Яғни әрбір бағыттағы төрт жолақтан екі бағытқа бөлінетін болады. Қайта құрылымдау жұмыстары аяқталған кезде «Сырым» өткізу пунктінің тәулігіне 5 000 көлікті, 7 000 адамды өткізуге қабілетті болады, – деді И.Нысанбаев.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті
157 стран поддержали кандидатуру Ляззат Калтаевой на выборах в комитет ООН
Заңнамалық өзгерістер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды

Кіру
Пікір үстеу