ЭКОЛОГИЯНЫ БҮЛДІРГЕН ӘКІМДІКТЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
БҚО Бәйтерек ауданы прокуратурасы тексеріс барысында жалпы аумағы 60 гектар болатын 128 қоқыс үйіндісін анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратура мамандары хабарлады.

Жергілікті атқарушы органдардың тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру, кәдеге жарату және сақтау кезінде экологиялық заңнаманы сақтауын тексеруге Экология департаментінің мамандары шақырылып, ұзақ уақыт бойы қоқыс үйінділерін жою бойынша шаралар қабылданбағаны, полигондардың экологиялық талаптарға сәйкес болмағаны анықталды. Мысалы, Достық, Зеленое, Рубежинск, Чеботарев ауылдарында қауіпті қоқыс үйінділері газ құбырларына жақын орналасқан, ал бұл болса қоқыс өртенген жағдайда құбырлардың жарылуы қаупін туғызады. Осылайша Экологиялық Кодекстің 222-бабының 12-тармағы бұзылған.
Дарьинск, Переметное, Щапов ауылдық округтерінің әкімдіктерімен жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шараларын жүргізу үшін тарату қоры құрылмаған (Кодекстің 300-бабының 11-тармағы). Щапов, Трекин ауылдық округтерінің әкімдіктері полигондарда құрылыс және коммуналдық қалдықтардың араласып төгілуіне жол берген, бұл Экологиялық Кодекстің 292-бабының бұзылуы.
Ауылдық округтердің әкімдіктері уәкілетті органға қауіпті қалдықтардың паспортын, қалдықтарды түгендеу жүргізу есебін, қалдықтарды орналастыру объектісі бойынша кадастр ісін тапсырмай, Экологиялық Кодекстің 194-бабының талабын орындамаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Белес, Дарьинск, Достық, Егіндібұлақ, Железнов, Зеленов, Краснов, Көшім, Макаров, Махамбет, Переметное, Трекин, Чеботаров, Шалғай, Щапов және Янайкин ауылдық округтерінің әкімдіктері ӘҚБтК-нің 344-бабымен (өндiрiс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеуге, сарқынды суды ағызуға қойылатын талаптарды бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, Экология департаментінің ұйғарымдары негізінде аталған округтердің әкімдері анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдауда.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу