Экология министрі Зүлфия Сүлейменова өрт кезінде көз жұмған орманшылардың соңғы сөзі туралы айтты
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өрт кезінде орманшылардың рация арқылы айтқан соңғы сөздері туралы айтты. Бұл жайлы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сүлейменова көз жұмған азаматтардың жақындарына көңіл айтып, өрт басталғанда бірінші болып оқиға орнына орманшылардың аттанғанын мәлімдеді. Алайда 8 маусымда олар байланысқа шығуды доғарған.
«Кеше 14 адамның мәйіті табылды. Біз 8 маусымда 21:00-ден кейін, 22:00-ге таяу байланысты жоғалттық. Рациямен соңғы рет желдің бірден бағытын өзгертіп, түтін басқанын айтты. Барлығы дұрыс болады деп үміттендік. Қою түтіннен оларды табу мүмкін болмады. Кеше мәйіттері табылды. Осы жағдайды пайдаланып, өрт сөндіру кезінде көз жұмған азаматтардың отбасы мен жақындарына көңіл айтқым келеді», – деді Зүлфия Сүлейменова.
Министрдің сөзінше, жағдай әлі де күрделі. Жел күшейген. Сондай-ақ ауа райы болжамына сәйкес алдағы бірнеше күнде қатты жел соғады.
«Жалынды оқшаулап, ұстап тұруға тырысамыз. Келген зиян көлемі есептеледі. Комиссия жұмыс жүргізеді. Барлығын аз уақытта істеуге тырысамыз, бірақ өрт сөндірілген соң оқиға орнына жығу керек. Өрт кезінде мұндай жұмыстарды атқару қиын. Дегенмен қазірден-ақ шығынның үлкен екенін айтуға болады. Себебі бұл тарихымыздағы ең үлкен өрт шығар. Бұл туралы айту ерте, бәлкім шығын көлемі миллиардтаған теңге болуы ықтимал. Абай облысындағы жағдай – үлкен апат», – деді Зүлфия Сүлейменова.
Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Абай облысында орын алған төтенше жағдайда қаза тапқан орманшылар көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін “Құрмет” орденімен марапатталған еді.
Дереккөз: stan.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Әдеп жөніндегі кеңесте білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері қаралды
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді

Кіру
Пікір үстеу