8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Мамыр 2021 1779 0
Қоғам

ЭКОЛОГИЯ МИНИСТРІ БҚО-ДАҒЫ СУ КАНАЛДАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРДІ

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Варфоломей су қоймасының жағдайымен танысты. Өңірдегі сушылар ведомство басшысына егістіктерге судың жетіспеушілігі мәселесі мен су қоймаларының ахуалы туралы баяндадады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орал қаласынан 440, Қазталов ауданының орталығынан 70 шақырым қашықтықта, «Кіші өзен» өзенінде орналасқан қойма мемлекетаралық мәндегі су торабы болып есептеледі. Қойма Кіші өзен суын Ресейдің Саратов облысы мен Қазақстанның Батыс Қазақстан облысына бөлуге, екі облыстың лимандарына су өзіндік ағынмен берілуі үшін су тірегін құруға арналған.

Ал Үлкен өзен бойынша Ресей Федерациясынан тәуелділікті азайту бойынша қазір жаңа су қоймасын салу жоспарлануда. Ол Үлкен өзенде, Қазталов ауданының Жалпақтал ауылында орналасады. Сонымен қатар, өңірдің оңтүстік аудандарына Үлкен және Кіші өзендері бойынша тұрақты су жетіп тұруы үшін Еділ өзенінен 135 млн метр куб су алу мәселесі қарастырылуда. Бұл мақсат үшін республикалық бюджетттен 3,5 млрд теңге бөлу керек.

Ресейдің Еділ өзенінен Варфоломей қоймасы арқылы облыстың Жәнібек, Қазталов, Жанғалы аудандарындағы 1637 гектар тұрақты суармалы егістікке, 44018 гектар лимандық (сағалық) суару алқабына, 324700 гектар су басқан жайылымдарға су жіберіледі. Бұдан бөлек, БҚО-ның оңтүстік аудандарындағы экологиялық ахуалды реттеп отыру үшін Айдын, Сарыайдын, Қамбақты және Қамыш-Самар көл айдындарын су жіберіліп отырады. Су қоймасының сыйымдылығы – 23 млн. метр куб.

zhaikuni.kz

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
91 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
144 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
332 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
322 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»