«JASTAR» футбол лигасы басталды
Екінші жыл қатарынан БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен облысымызда «JASTAR» футбол лигасы ұйымдастырылуда. Биыл лигаға 20 команда қатысуда.

– Басты мақсат, әрине жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Және облысымызда күнделікті футболмен айналысатын жастардың санын арттыру. Қатысушы командалар арасында ауыл жастары, есту-сөйлеу қабілеті нашар мүгедектер, әлем чемпиондары да бар. Алғашқы ойындар 18 мамыр күні бастау алды. Лиганың ойындарына БҚО футзал ассоциациямен бекітілген тәжірибелі төрешілер қызмет атқаруда, – дейді «Jastar» футбол лигасының бас ұйымдастырушысы Жандос Сұңғатов.
Барлық ойындар спорт басқармасының қолдауымен әр апта сенбі, жексенбі күндері «Жастар» стадионында өткізілуде. Қазіргі таңда, лиганың топтық кезеңдері аяқталып, 20 команданың 8-і плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Лиганың ойындарына 2 апта үзіліс салып, сол аралықта еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласы күніне орай «Jastar» футбол лигасының кубоктік ойындары өтетін болады. «JASTAR» футбол лигасының кубок жеңімпазы 6 шілде күні анықталмақ. Әзірге кубоктік ойындарға 11 команда тіркелген. Бас жүлде 100 000 теңге. Осы кубоктік ойындар аяқталған соң, лиганың плей-офф кезеңі жалғасатын болады. Қалған 8 команда өзара үздіктерді анықтайтын болады. «JASTAR» футбол лигасының жалпы жүлде қоры 300 000теңге.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу