«ІЗ-ТҮССІЗ КЕТКЕНДЕРДІ ТАБУҒА ТҰРҒЫНДАРДАН КӨМЕК КЕРЕК»
Кейінгі үш жыл ішінде БҚО Полиция департаментінде азаматтардың жоғалуы туралы 465 шағым тіркелген. Бүгінгі күнге дейін жоғалған сегіз адамның мекенжайы анықталмаған. БҚО полиция департаментінің бастығы М.Аблазимов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында облыс тұрғындарын жоғалған жандарды іздестіруде полицейлерге көмек көрсетуге, із-түзсіз кеткендердің туыстарымен қауышуына белсенді түрде үлес қосуға шақырды.

«Шығып кетті және қайта оралмады». Хабар-ошарсыз кеткендер туралы өтініштердің бәрі осылай басталады. Дүкенге шығып, қайта келмеген, жұмыстан немесе сабақтан шыққанымен, үйге әдеттегі уақытында келмеген, межелі орынға жетпеген – осындай себептер жоғалған адамды іздеу туралы арызбен полицияға жүгінуге негіз болады» деген өз жазбасында Махсудхан Аблазимов.
Із-түссіз жоғалғандарды іздеумен айналысатын қылмыстық іздестіру бөлімі қызметкерлерінің айтуынша, іздестіру жұмыстарын жүргізуде оның жоғалу себебінен бөлек ол туралы ақпарат іздеуді жеделдету де маңызды. Мәселен, оның телефонының нөмірі, ұялы телефонының IMEI нөмірі, достарының мекенжайлары мен байланыс нөмірлері, айналысатын хоббиі мен әдеті, араласатын ортасы, жоғалу жағдайы. Сондай-ақ қандай киімде шығып кеткеніне мән беру керек. Әсіресе кәмелетке толмаған балалар мен егде жастағылардың кіммен, қай бағытта кеткені туралы деректер, олардың өздерімен бірге құжаттарының бар немесе жоқ екені маңызды.
Полиция қызметкерлері кез келген жағдайда жоғалу мерзіміне қарамастан жедел түрде іздеу шараларын жүргізеді. Азаматтың жоғалғаны туралы шағым түскен сәтте жедел тергеу тобы оқиға орнына барып, материал жинақтайды. Туыстарынан, таныстарынан сауалнама алып, іздеу үшін маңызды деректер жинақталады. Оның тұрғылықты жеріндегі және соңғы рет болған аумағындағы бейнебақылау камералары зерделенеді. Дегенмен, тұрғындардың үлес қосуы да аса қажет-ақ. Махсудхан Нұғманұлы өз жазбасында полицейлердің атқаратын жұмыстары және нәтижесі туралы хабардар етіп, іздеу шараларына көмек көрсетуде облыс тұрғындарына үн тастады.
«Іздестіру үшін барлық жеке құрам бағыттама алады. Соның нәтижесі ретінде барлық түскен шағымдардың ішінен «жедел түрде», яғни екі-үш тәулік ішінде 308 жоғалған азаматтың табылғанын атап өту керек. Бұл үш жылдағы көрсеткіш. Жоғалған жандардың басым көбісі отбасындағы жанжал немесе кикілжіңнен кейін үйден кетіп қалған және «бейәдеп өмір салтын ұстанатын» алкогольге құмар, тұрақты тұратын орны және жұмысы жоқтар. Осы санаттағы азаматтардың көпшілігін полиция қызметкерлері шалғайдағы қыстақтардан табады. Яғни, оларды табыс және тегін тамақтануды ұсынумен «арбап», шаруа қожалықтарындағы жұмысқа алып кететін жағдайлар бар. Аудандардағы полиция бөлімдерінің қызметкерлері тұрақты негізде қыстақтарда, шаруа қожалықтарында тексеру жүргізіп тұрады. Соның нәтижесінде 2018-2020 жылдардың ішінде 12 азамат шаруа қожалықтарынан табылды. Жоғалған азаматтарды іздеуде дала, орман алқабын, су қоймаларын қамту қажет болады. Осы орайда төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен әскерилерді тартуға тура келеді. Дегенмен, қабылдаған шараларымыз әрқашан қысқа мерзімде нәтижелі бола бермейді. Іздестіруде халықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының көмегі қажет. Егер жоғалған адам тез табылмаса, бұқаралақ ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер арқылы кескін келбеті, назар аударарлық мәліметтерді көрсетіп, хабарлама береміз. Бірақ, өкінішке орай, осы кезге дейін тұрғындар тарапынан хабарсыз кеткен адамды табуда нақты көмек болған жоқ. Азаматтар іздестіру жұмыстарына қатысуға құлықсыз. Волонтерлар ғана көмектесуде. Айта кеткен жөн, ақпараттарды жинау, сауалнама жүргізу, ұзақ уақыт алады, осы ретте еріктілер айтарлықтай көмек көрсете алар еді. Сол себепті облыс тұрғындарын қалыс қалмауға, құқық қорғау органына көмек көрсетіп, белсенділік танытуға шақырамын. Осылайша, өз туыстарын іздеген жандарға көмек көрсете аласыздар» деді полиция генерал-майоры М.Аблазимов.
Департамент бастығының ұсынған мәліметінше, 2018-2020 жылдары азаматтардың жоғалуы туралы 465 шағым түскен. Оның ішінде 2018 жылы – 193 адам, 2019 жылы – 127 адам, 2020 жылы – 145 адам. Үш жылдың ішінде жоғалған сегіз адамның қазір қайда екені табылмаған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу