8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Наурыз 2022 2428 0
Қоғам

ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР БАС ҚОСТЫ

Қазіргі таңда әйелдер қауымы қоғам мен мемлекеттің ісіне келгенде ер азаматтардан кем белсенділік танытып отырған жоқ. Бүгінде әлемде орын алып жатырған жағдайларға қарамастан, еліміздегі шағын және орта бизнесті дамытуға, мемлекет тарапынан келген барлық мүмкіншіліктерді пайдалануға зор мән берілуде. Іскер әйелдер кеңесі әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға барынша ықпал етуде. Осыған орай,  Ақжайық төрінде Батыс Қазақстан облысы Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Төремұратова   Жансұлу Меңдешқызының ұйымдастыруымен «Наурыз шәй» мерекелік шарасы аталып өтті.

«Ақжайық» мейрамханасында өткен жиында Жансұлу Меңдешқызы бүгінгі шараның маңыздылығын сөз етіп, өңіріміздің даму жолында тер төгіп жүрген аруларымызға өз алғысын білдірді.

Шараның басты мақсаты  өздерінің қайсарлығы мен табандылығы арасында түрлі кәсіпті игеріп, өлкеміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып отырған шаһарымыздың  іскер нәзік жанды аруларының бір-бірімен тәжірибе алмасуы. Мерекелік бас қосуға ҚазИИТУ серіктестері, «Мария»салоны басшысы Мария ханым, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының мүшелері қатысты. Сонымен бірге Батыс Қазақстан облысы дизайнерлер қауымдастығының қолдауымен ұлттық нақыштағы киімдер көрсетілімі болды.

Гүлбибі БАҚЫТБАЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
198 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
245 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
422 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»