III РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАДЫР ОҚУЛАРЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Қадыр Мырза Әлінің 85 жылдығына орай, ақын өлеңдерін насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында 2020 жылдың 24 желтоқсаны күні ІІІ Республикалық Қадыр оқулары онлайн түрде өтті.

Қатысушылар «Сөзім барда – өзім бар» бөлімінде ақынның шығармаларын Zoom видеобайланысы арқылы нақышына келтіріп, жатқа оқыды. Бұл бөлімге Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 10 оқушы қатысты.
Бас жүлде БҚО, Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Ақжол Жүсіпке берілсе, бірінші орынды Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Қособа ОМБК 6-сынып оқушысы Жансая Юнус алды. Екінші орын – Алматы облысы, Көксу ауданы, Қызылтоған орта мектебінің 9-сынып оқушысы Гүлнара Ержан мен Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе лицейінің 9-сынып оқушысы Арайлым Уәлиханға берілді. Үшінші орын – Алматы қаласы, Жетісу ауданы, №108 жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Жансая Көмековға, Нұр-Сұлтан қаласы, №64 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Ділназ Нұрхамитке және Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Аяла Мұхамбетоваға ұсынылды.
«Болу үшін жаралғам туған жердің жырауы…» бөлімінде үміткер Қадыр Мырза Әлі сөздеріне жазылған 1 әнді орындап, инстаграм парақшасында #QadyrОқулары85ән хэштегімен салды. Бұл бөлімге Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 11 оқушы қатысты.
Бас жүлде Алматы облысы, Талғар ауданы №31 орта мектебінің 6-сынып оқушысы Нұрасыл Жүнісбекке, І орын Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, №108 орта мектептің 8-сынып оқушысы Назым Абдулқасымға, ІІ орын Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №128 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Мирас Максимов пен Сырым ауданы, «Саз мектебі», Қ.Мырзалиев ат. ОМ 8-сынып оқушысы Ерасыл Өміржанға, ІІІ орын Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №42 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Арнұр Мұхтарға, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясы 8-сынып оқушысы Ақнұр Сатыбалдыға, Ақмола облысы , Көкшетау қаласы,Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы Шұғыла Елешқызына берілді.
«Өлең жаздым тоғыз тарау, жеті өрім» бөлімінде қатысушының ақындық шеберлігін тексеру мақсатында қатысушы Қ.Мырзалиевке арналған өзі шығарған өлеңін ұсынып, мәнерлеп оқып Инстаграм парақшасында #QadyrОқулары85ақын хэштегімен салды және өз шығармалары жинағын электронды пошта арқылы жолдады. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарынан барлығы 12 оқушы қатысты.
Бас жүлдені БҚО, Орал қаласы, №19 ЖОББМ 11-сынып оқушысы Қадыр Мерекеұлы алды. Бірінші орынды Сырым ауданы, Ж.Досмұхамедов атындағы ЖББ мектеп-балабақша кешенінің 6-сынып оқушысы Сырымбек Оразбек иеленді. Жүлделі екінші орын Алматы облысы, Сарқан ауданы Н.Островский атындағы мектеп лицейінің 10-сынып оқушысы Ерсайын Тұрсын мен Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №37 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Ханзада Сейілбек берілсе, үшінші орынға Жамбыл облысы,Байзақ ауданы Диқан тірек мектебі 10-сынып оқушысы Ілияс Қуандықтың, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Шетпе гимназиясының 11-сынып оқушысы Уәли Мәліковтың, Нұр-Сұлтан қаласы, №55 ОМ 10-сынып оқушысы Аяулым Оркенқызының шығармалары лайық деп танылды.
Сырым ауданы әкімінің «Арнайы сыйлығы» Қостанай облысы, Рудный қаласы, Рудный қаласы әкімдігінің «Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Жамбыл Тоққожаевқа берілді.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу