Халық денсаулығының «сақшысы»
Медицина қызметкерлерінің мерекесі біздің елімізде – өзін медицина мамандығымен байланыстырып, адам өмірі мен денсаулығын сақтауға үлес қосып жүрген азаматтардың күні. Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек. Ақ халатты киіп алу шарт емес, әрбір дәрігер маман адам өмірінің арашасы екендігін білуге тиіс. Осы салада ұзақ жылдар еңбек етіп, тұрғындар денсаулығының «сақшысы» атанып жүрген жандардың бірі – Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қызметкері Қибат Ахметқалиева.

Қибат Ахметқалиева (суретте) орта мектеп бітіргеннен кейін еңбек жолын Чапаев аулында қоршаған ортаны бақылау басқармасында кіші техник болып бастады. Алайда, кішкентайынан дәрігер боламын деген арманы оған маза бермей, 1981 жылы Орал қаласындағы медициналық училищесіне құжат тапсырды. Емтиханнан сүрінбей өтіп, аталған оқу орнының студенті атанды.
1983 жылы арнайы орта медициналық оқу орнын ойдағыдай бітіріп, сол жылы Орал қаласындағы №3 қалалық емханаға медбике болып орналасады. Емханада жұмыс істеген жылдары ем-дом жасаудың неше түрлі қыр-сырларын меңгеріп, аз ғана уақыттың ішінде жұмыстастары арасында білікті, жігерлі маман ретінде үлкен абыройға ие болады. Қандай жұмысқа жіберсе де оны үлкен ыждағаттылықпен, сүйіспеншілікпен атқарды. Жарғақ құлағы жастыққа тимей еңбектенетін жас маман үнемі ізденісте жүрді. Ем-домның соңғы үлгідегі түрін тез меңгергені үшін әкімшілік тарапынан да тиісті қолдау көрсетіліп отырды. Осындай ынталандырудың нәтижесінде ол жоғарғы білімді маман болуды мақсат тұтады.
1986 жылы Қарағанды Мемлекеттік медицина институтының санитария, гигиена факультетіне түсті. Студент кезінде облыстық клиникалық ауруханасында медбике болып жұмыс істеді. Оқуды бітіргеннен кейін 1992 жылы Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясына дәрігер-эпидемиолог болып жолданады. Теориялық оқыған білімін практикада шебер жүзеге асыра білді. Сол кездің өзінде бірнеше адамның өмірін алып қалғанына өзінің де үлес қосқанын үлкен мақтаныш сезімімен жеткізіп отырады. Бәрі күні кеше сияқты.
Бүгінде Қибат Жәмелқызы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында бас маман қызметінде. Оның жұмысының басым бағыты – туберкулез ауруына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру. Түсінген жанға бұл оңай шаруа емес. Жұмыс көлемі ұлғайса да, ошақтардағы эпидемияға қарсы шараларды тиімді әрі тез атқару оған тән. Сонымен қатар ол өзінің біліктілігін арттыруды да маман ретіндегі басты міндеті санайды. Бірнеше рет біліктілік арттыру курстарында болып, оны жастарға үйретуден жалыққан емес.
Халық денсаулығын нығайтуда соның ішінде тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі жеке үлесімен адал да тиянақты еңбегі үшін ол бірнеше рет облыстық, қалалық әкімшілік, кәсіподақ ұйымдары тарапынан Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталған.
«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» демекші, мен де қалалық басқармада жұмыс жасаған жылдары Қибат Жәмелқызы сияқты алғыр, білгір, жауапкершілігі мол әріптестермен жұмыс жасағанымды мақтан тұтамын. Әрине, ол туралы әлі көп айтуға да, жазуға да болады. Осындай әріптестеріміз туралы мақтанышпен айтып, келер буын еңбек жолынан үлгі алса деп тілейміз.
Қапиет Ғинаятұлы, Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының Ақылмандар мүшесі, Еңбек ардагері, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі


Соңғы жаңалықтар
Қауіпсіз жаз: БҚО бойынша ЭТТД қызметкерлері балаларды қаржылық сауаттылыққа үйретуде
Орал теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарының 97 пайызы орындалды
Оралда «Әулеттің алтын діңгегі – 2026» облыстық жас келіндер байқауының жеңімпазы анықталды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы табиғатты қорғау полициясымен бір күн
Қазақстан мен Чехия полициясы ҚР және ТМД елдері азаматтарының жеке деректерін таратқан халықаралық арнаны жойды
Криптоәмияндар, транзакция және синтетика: ІІМ есірткі бизнесінің қаржылық және цифрлық схемаларына соққы жасауда
«Таза Қазақстан»: прокуратура органдарында цифрлық шешімдер енгізіліп, экологиялық бақылау күшейтілуде
«Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ кепілі» атты эссе байқауы қорытындыланды
День животноводов – признание вклада аграриев в продовольственную безопасность страны
«Әділет» партиясының филиалдары Қазақстанның барлық өңірінде құрылады
Бөкей хандығының 225 жылдығы аясында «BOKEI ORDA TRAIL» жүгіру жарысы өтті
10 мыңнан астам жұмыс орны және сенімді энергия: атом электр станциясын салудың негізгі артықшылықтары
БҚО делегациясы Қытай кәсіпорындарында инвестициялық келіссөздер жүргізді
Облыс делегациясы мұнай-химия өндірісінің озық тәжірибелерімен танысты
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі халық табысын арттыру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды
В Казахстане принята Общенациональная стратегия «Digital Qazaqstan» до 2029 года
Бөрлі ауданында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шара өтті
Қытай сапары: аймақ басшысы Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Кіру
Пікір үстеу