8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Редакцияның байланыс телефондары:  Конкурс, хабарландыру орналастыру бойынша  8 777 419 90 79 whatsApp

Мақала жариялау, өтетін шара бойынша 8 777 872 54 00, 8 747 985 0153

Бухгалтерияға   қатысты сұрақтар бойынша 8 707 564 0763, 8 777 564 0763.

 

8 (7112) 50-86-31, 8-777-419-90-79
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Мамыр 2021 556 0
Қоғам

ХАЛЫҚ АМАНАТЫН ОРЫНДАУ – НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚ

Бүгін, 13 мамыр күні «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының кезекті ХХVII есеп-беру сайлау конференциясы өтті. Іс шарада партияның облыстық филиалының және Бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері айтылды.

Конференцияны ашқан облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстық конференция алдында жоғары ұйымдастырушылық-саяси деңгейде өткен 241 бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары мен 13 аумақтық филиалдарда конференция өткізілгенін атап өтті.

– Жаңадан сайланған бастауыш партия ұйымдары төрағаларының ішінде әйелдердің үлесі 33%-ды, ал 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 26%-ды құрады. БПҰ төрағаларының құрамы өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға жаңартылды. Төрағалардың 6,2%-ы әр деңгейдегі мәслихат депутаттары болса 6%-ы партиялық резервте тұр.  Конференцияларда филиалдардың саяси кеңестеріне 242 адам, саяси кеңестерінің бюроларына – 100 адам сайланды. Әйелдер саны 6,2%-ға, жастар саны 2,5 еседен аса өсті – деді облыс әкімі Ғ.Есқалиев.

2019-2020 жылдар аралығында партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің атқарған жұмыстары туралы баяндама жасаған филиал төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев Батыс Қазақстан облысы бойынша партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру, Жол картасын орындауға байланысты алдағы кезеңге партия қызметінің басым мәселелеріне баса назар аударды.

Сондай-ақ, партияның Жарғысына сәйкес облыстық филиалдың сайланбалы органдары -Саяси кеңесінің, Саяси кеңес Бюросының және Бақылау-тексеру комиссиясының өкілеттігінің мерзімі аяқталғанын атап өтті. Екі жыл ішінде орасан жұмыстар атқарылып, көптеген жетістіктер мен нәтижелерге қол жеткізілген.

Облысымыздағы партия ұйымдарында праймериз өткізу кезеңі, электоралды кезең және сайлау науқаны кезеңі жоғары жауапкешілікпен жүзеге асырылды. Партия басшылығы мен Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді біз орындадық: депутаттар арасында 30% – дан астамы-29 жасқа дейінгі әйелдер мен жастар; 20% – ы 35 жасқа дейінгі жастар. Орташа жасы – 47 жас.

Жаңадан сайланған бастауыш партия ұйымдарының төрағалары арасында әйелдердің үлесі 33%-ды, ал 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 26% – ды құрады.

Айта кету керек, 2019-2020 жылдары облыстық филиалдың қоғамдық қабылдауына 10 мыңнан астам өтініш келіп түсті, оның 69% болса, ағымдағы жылда 39 %-ы оң шешімін тапты. Екі жыл ішінде мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, әкімдер мен әкім орынбасарлары, заңгерлермен 3440 қабылдау өткізіліп, қабылдауға 4948 адам келді.

Есепті кезеңде атқарылған жұмысты қорытындылаған партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев партиялық жобаларға кеңірек тоқталды. Оның айтуынша ардагерлер, мүгедектер, жастар, балалар, аналар және бизнес проблемаларын жүйелі шешуге бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек» атты партиялық жобалар бойынша тиімді жұмыс жүргізілгендігін атап өтті.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне жалпы 77 адамға, азық-түлік себеттері табысталды.

«Кедергісіз келешек» жобасы аясында «Арба» қоғамдық бірлестігінің қатысуымен қоғамдық бақылау тобы облыс орталығындағы 100-ге жуық нысанның, сонымен қатар қоғамдық көліктің мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімділігін тексерді. Бұл жұмыс жалғасын табуда.

«Бақытты отбасы» жобасы аясында тиісті мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын жедел мобильді топтар құрылып, өмірлік қиын жағдайға тап болған көпбалалы, толық емес, аз қамтылған отбасылардағы балалардың жағдайын монитрингілеу, бұдан әрі тиісті көмек көрсету бойынша қызмет атқаруда.

Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» аймақтық қоғамдық кеңесі мүшелерінің бастамасымен Орал қаласындағы халықаралық аэропортқа каһарман апамыз Мәншүк Мәметованың атын беру жөнінде ұсыныс ономастикалық комиссиясына жолданды.

Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына арналған шараларға белсенді қатысып, идеологиялық бағытын көпшілік арасында дәріптелуде.

Жылдың басынан бері Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығына арналған мерейлі датаға көптеген спорттық ұлттық ойындар өткізілді, наурыз-сәуір айларында тазалық апталықтары жүргізілді, 1000-нан астам көшет отырғызылды.

Сондай-ақ «BIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында халықтың аса мұқтаж 6 тобының өкілдеріне (29 254 облыс тұрғынына) 50 000 теңгеден (жалпы сомасы 1,4 млрд.теңге) көмек көрсетілді, 9 200 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.

Партиядан сайланған облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары үгіт-насихат уақытында жинақтаған аманаттарды біртіңдеп шешуде.

Айта кету керек, қысқа мерзімді және орта мерзімді аманаттардың басым бөлігі 60 пайызы жүзеге асырылды. Шешілмеген мәселелер бойынша депуттар тұрғындар арасында және әлеуметтік желі арқылы да түсіндіру жұмыстарын жүргізуде – деп өз баяндамасын қорытындылады Мұрат Мұқаев.

Өз сөзін аяқтай келе, облыстық филиалдың төрағасы бүгінгі таңда бастауыш партия ұйымдарының, партияның аумақтық және өңірлік филиалдарының жұмысындағы негізгі басымдық, сөзсіз, «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша әрбір ауданның, қаланың, облыстың Жол карталарында бекітілген халықтың барлық өтініштері мен ұсыныстарын бақылауды ұйымдастыру және мінсіз орындалуын қамтамасыз ету екендігін атап өтті.

zhaikuni.kz

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
ӘР СЕНБІДЕ КОНЦЕРТ ӨТЕДІ
20 Маусым 2021
58 0
Қалалықтар қаперіне
ҚАТТЫ ЫСТЫҚ КҮТІЛЕДІ
20 Маусым 2021
83 0
Қалалықтар қаперіне
МАМАНДАР КЕҢЕС БЕРЕДІ
18 Маусым 2021
165 0
Қоғам
«МЕЙІРІМ ШУАҒЫНДАҒЫ» БІР КҮН
17 Маусым 2021
246 0
Қоғам
ГЕНЕРАЛДЫҢ АНАСЫ (қаз-қалпында)
15 Маусым 2021
599 0
Қалалықтар қаперіне
МОРАТОРИЙ КЕЗЕҢІНДЕГІ ПРОКУРОРЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ
15 Маусым 2021
352 0
Қалалықтар қаперіне
Как получить водительские права в автоЦОНе
14 Маусым 2021
296 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»