ФИЛЬМДЕР ФЕСТИВАЛІНЕ 100-ДЕН АСТАМ КАРТИНА ТҮСТІ
Оралда «Қала күніне» орай ұйымдастырылып жатқан «Jaiyq film fest» фильмдер фестиваліне 8 елден жалпы 100-ден астам жұмыс түскен. Фильмдер қысқа метражды және деректі фильмдер бағыттары бойынша қаралады.
Байқауға Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия, Тәжікстан, Франция, Белорусь елдерінің үміткерлері жұмыстарын ұсынған. Ұйымдастырушы Алпамыс Шәрімовтың айтуынша, түскен өтінімдердің ішінде іріктелген 30 жұмыс көрсетілмек. Байқауға түскен кинолар әр түрлі: алғаш рет ұсынылғандар және биылғы «Канн» фестиваліне қатысқан туындылар, Қазақ ұлттық өнер уиверситеті, Тұран университеті, Жүргенов университеті студенттерінің жұмыстары бар. Сонымен қатар оралдық Аманат Рзағалиевтің «Нағашымның әңгімесі», Жасқайрат Валиуллиев пен Бұлбұл Сапарғалиеваның «Қоңырау» картиналары жүлдеден үмітті.
Фильмдер фестивалі аясында режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Конокрады» фильмінің тұсаукесері өтеді. Бұл фильмнің таныстырылымы 2018 жылы Канн фестивалінде өткен болатын. 2019 жылы Пусанда халықаралық кинфестиваль осы фильммен ашылып, қазіргі уақытта Францияда прокатқа шыға бастады. Ал Қазақстанда тұңғыш рет Оралда көрсетілмек.
Сондай-ақ осы фильмдер фестивалі аясында бүгін республикалық «Jas tolqyn» журналының тұсауы кесілді. Кино және телевидениеге арналған жаңа журналды құрылтайшысы Талғат Тайшанов таныстырды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды

Кіру
Пікір үстеу